«Нұр-Сұлтан қаласының аумағында 2021 жылдың өткен кезеңінде 165 өрт болды. Өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында болды – 71 оқиға немесе өрттердің жалпы санының 43%-ы, ал 35%-ы жеке секторларға тиесілі. Өрттің негізгі себептері жылыту пештерін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу болып саналады (33 оқиға), сол сияқты электр желілері мен электр қондырғыларын пайдалану кезінде де пайда болады (12 оқиға)», дейді басқарма басшысы.
2020-2021 жылыту кезеңінде Нұр-Сұлтан қаласының аумағындағы тұрғын үй секторында 220 өрт тіркелді.
«Тұрғын үй секторындағы өрттердің негізгі себептері мынадай: Пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 107 жағдай немесе тұрғын үй секторындағы өрттердің жалпы санының 48%; электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу – 47 жағдай немесе 21%; тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу – 8 жағдай немесе 4,3%; халықтың отты абайсыз пайдалануы – 48 жағдай немесе 11%», дейді Еркін Отарғалымұлы.
Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жылыту кезеңінде 42 мыңнан астам ауланы аралап, өрт қауіпсіздігі бойынша жадынамалар таратты, олардың барысында 55 мыңнан астам адамға нұсқаулықтар берілді.
Ол сөз арасында өткен жылдарғы тәжірибе негізінде 1543 әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың тізімі жасалып, есепке алынғанын мәлім етті.
«Астана ЕРЦ» ЖШС көмегімен коммуналдық қызметтерді төлеу туралы түбіртектерде 325 мың дана көлемінде пешті пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі бойынша жадынама орналастырылды. Өртке қарсы тақырыпта қала бойынша билбордтар мен баннерлер орнатылды. «Өрт қауіпсіздігі айлығы» аясында ірі сауда үйлерінде, базарларда, адам көп жиналатын объектілерде өртке қарсы тақырыпта аудио және бейнероликтер тұрақты қойылып тұрды», деді ол.
Сөзін жалғай отырып, тұрғын үйлердің WhatsApp желісіндегі чаттарында да өрт қауіпсіздігін сақтау жайлы мәліметтер таратылғанын мәлім етті.
«Қаланың оқу орындарында оқушылармен «Сіріңке – бір өмірдің бағасы!» тақырыбында түрлі конкурстар мен дәрістер өтті. Сол сияқты өрттердің алдын алу мақсатында ішкі істер органдарымен бірлесіп әлеуметтік емес өмір салтын ұстайтын азаматтардың санаттарына арнап 8 мыңнан астам рейдтік іс-шаралар өткізді. Үйсіз адамдар көп жиналатын орындар бойынша 146 рейд жүргізілді. Осы бағыттағы жұмыс ары қарай да жалғаса береді», деп басқарма басшысы сөзін қорытындылады.