Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың және инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі бағыттары қаралды.

Ауыл шаруашылығында жұмысшылар табысы
2 есе ұлғаймақ
АӨК дамытудың жаңа тәсілдері туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, өңірлерде ауыл шаруашылығын дамыту туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов баяндады.
Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров 2020 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіп кешені саласында іс жүзінде барлық макрокөрсеткіштер бойынша оңға басу байқалғанын айтты. Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 5,6%-ға артып, 6,3 трлн теңгені құрады. Бұл – Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ең үлкен өсім.
Агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту мақсатында мынадай міндеттер қойылды: ішкі нарықты 80%-дан астам деңгейде азық-түлік тауарларымен молықтыру; 1 млн ауыл тұрғынының табысын тұрақты арттыру; еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттыру; өңделген өнім экспортын 2 есеге ұлғайту. Ішкі нарықты азық-түлік тауарларымен молықтыру жөніндегі міндетті шешу үшін министрлік қысқартылатын импорт түрлерін айқындады. Бұл – құс еті, шұжық өнімдері, ірімшік пен сүзбе, алма, қант және балық.
Бүгінде алдағы үш жылға арналған бағыттардың әрқайсысы бойынша инвестициялық жобалардың нақты пулы айқындалды. Ауыл шаруашылығы министрі мәлім еткендей, қазір өзімізде өндірілетін құс етінің көлемі ішкі нарық қажеттілігінің 58%-ын ғана жабады. Оны толықтыру үшін құс етін өндіру қуатын қосымша 171 мың тоннаға арттыру қажет. Былтыр қуаты 94 мың тонна болатын
8 құс фабрикасы іске қосылды. «Алдағы үш жылда жалпы қуаты 191 мың тонна болатын 11 құс фабрикасын пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл жобаларды үш жыл ішінде іске қосу құс еті бойынша қажеттілікті толық көлемде өтеуге мүмкіндік береді», деді С.Омаров.
Ішкі нарық отанымызда өндірілетін шұжық өнімімен 62%-ға қамтамасыз етілген. Толықтай молықтыру қуаты 77,8 мың тонна болатын 6 ет комбинатын іске қосу, сондай-ақ айналым қаржыларын арттыру және фермерлерді малды союға өткізуге ынталандыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. «Сүт өнімдері импортының жалпы көлемі сүт шикізатына қайта есептегенде шамамен 500 мың тоннаны құрайды. Молықтыру мәселесі өнеркәсіптік тауарлы сүт фермаларының қуатын кеңейту және отандық сүт зауыттарын жете жүктеу есебінен шешілмек. Сондықтан жыл сайын 35 өнеркәсіптік тауарлы сүт фермасын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл ретте өткен жылы жалпы қуаты 98 мың тонна болатын 48 тауарлы сүт фермасы іске қосылды, оның 17-сі – өнеркәсіптік тауарлы сүт фермалары», деді С.Омаров.
Бүгінгі таңда алманы жалпы тұтыну көлемі 344,3 мың тоннаны, импорт 144 мың тоннаны құрайды. Ішкі нарықты 6,6 мың га алаңда жаңа қарқынды бақтар салу есебінен молықтыру болжанып отыр. Ведомство басшысы атап өткендей, жаңа бақтар отырғызуды негізгі бақ өсіретін өңірлер: Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында шоғырландыру ұсынылады. «Жыл сайынғы бақ отырғызу көлемі орта есеппен 2 мың га болады, бұл толық жеміс беруге біртіндеп шыға отырып, алмаға деген тапшылықты жойып, 2024 жылы өзімізді толықтай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деп нақтылады С.Омаров.
Қазіргі уақытта елімізде өндірілетін қант тапшылығы 240 мың тоннаны немесе қажеттіліктің жартысынан көбін құрайды. Ішкі нарықты молықтыру Алматы облысындағы қант зауытын жаңғырту, сондай-ақ Жамбыл облысында қуаты 150 мың тонналық жаңа қант зауытын салу арқылы жүргізілмек. Министрдің айтуынша, қосымша 175 мың тонна қант өндіру есебінен қант тапшылығын шешіп, 80% қамтамасыз ету көлеміне шығу жоспарлануда.
Балық өнімдерімен қамтамасыз ету 60,8%-ды құрайды. Ішкі нарықты молықтыру үшін 13,5 мың тонна балық өндіретін 8 жоба іске қосылады. Бұл қамтамасыз ету көлемін 100%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. «Жалпы, республика бойынша бес жыл ішінде 380 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр, оның 65%-дан астамын импортты алмастыру аясындағы жобалар құрайды», деді С.Омаров.
Жалпы, жыл сайын орта есеппен 75-80 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Министрлік жобаларының пулы облыс әкімдіктерінің пысықтауы нәтижесінде кеңейтіледі.
Жобалар Мемлекет басшысының 7 ірі экожүйе құру тапсырмасының ажырамас бөлігі, оның шеңберінде дәнді және майлы дақылдарды, жемістер мен көкөністерді, қантты, ет пен сүтті өндіру мен өңдеу экожүйелері жоспарлануда. Мәселен, өсімдік шаруашылығында зәкірлік BioOperations ЖШС кәсіпорнымен Солтүстік Қазақстан облысында астық өндіру және өңдеу жөніндегі экожүйе құрылуда. Министр атап өткендей, кооперация қағидаты бойынша экожүйе астықты тереңдетіп өңдейтін зауытты, құрамажем зауытын, құс кешенін, тауарлы сүт фермасын және осы кәсіпорындарды ауыл шаруашылығы шикізатымен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы өндірушілерін біріктіреді. Осындай экожүйелерді елдің барлық өңірінде өз ерекшеліктерін ескере отырып құру жоспарлануда.
Сонымен қатар ауылда шағын несие беру жалғасады. Былтыр бұл мақсаттарға 43,2 млрд теңге бағытталды, бұл 11 мыңнан астам микрокредит беруге мүмкіндік берді, оның 60%-ын стартап-жобалар құрайды. Бағдарламаны іске асыру ауылда 11 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді. «Алдағы бес жылда 250 млрд теңге сомасына 50 мың шағын несие беру жоспарланып отыр», деді сала басшысы.
Еңбек өнімділігін арттыру мақсатында агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдаудың тиімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұл үшін өткен жылы министрлік субсидиялау тетіктерін қайта қарады. Сондай-ақ шағын және орта фермерлердің субсидиялауға қол жеткізу шектері өзгертілді. Мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру үшін ағымдағы жылдан бастап бизнес үшін қарсы міндеттемелер кезең-кезеңімен енгізіледі.
Сонымен қатар базалық субсидиялар бойынша субсидиялау көлемін ұлғайту есебінен 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін 4%-дан 6%-ға дейін; минералды тыңайтқыштарды қолдану ғылыми негізделген норманың 21%-ынан 30%-ға дейін; IV репродукцияға дейінгі жоғары сапалы тұқымдарды енгізу деңгейін 93%-дан 97%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.
Жүргізіліп жатқан жұмыс 2023 жылдың соңына қарай импортқа тәуелділік мәселелерін шешіп, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл ретте басымдық инфляцияға әсер ететін азық-түлік тауарларына берілетін болады.
С.Омаров атап өткендей, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін қазіргі уақытта келесі бес жылға арналған жаңа Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаны агробизнес, ғылым өкілдері талқылауда. Жоғарыда аталған барлық шаралар Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жобаға енгізілетін болады.
Өз кезегінде Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов азық-түлік қауіпсіздігі аргоөнеркәсіп кешенін дамыту ісі әлеуметтік көңіл күйге әсер ететінін атап өтті. 23 ақпандағы жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуі 2,4% деңгейінде тіркелді. Бәрінен бұрын импортқа тәуелді өнімдердің, жоғары экспорттық сұранысы бар тауарлардың, сондай-ақ маусымаралық кезеңде дәстүрлі түрде қымбаттайтын көкөністердің бағалары өсім көрсетті. Оның жалпы өсімге қосқан үлесі 2 пайыздық тармақты құрады.
Азық-түлік балансы мен бағаның өзгеруін талдау келесі жағдайды көрсетеді. Біріншіден, азық-түлік тауарларының бағасы өндіріс пен тұтынудың теңгеріміне ғана емес, сондай-ақ импортталатын және экспортқа жіберілетін өнімнің үлесіне де байланысты. Мұндай ағындар сыртқы нарықтардың бағаларын ішкі саудаға әкеп соқтырады. «Екіншіден, тұрақтандыру қорларының көлемі жеткілікті емес, яғни 3,7 млрд теңгеге 25,4 мың тонна қалыптастырылған. Оның интервенциясы жалпы тұтынудың 0,2%-нан 1,4%-ына дейін құрайды. Бұл іс жүзінде бағаға тиісті әсер етпейді. Тұрақтандыру қорларының өздері де тиімді қалыптаспайды. Мысалы, Ақтөбе облысында 2020 жылы қанттың, қарақұмық жармасының, күнбағыс майының және жұмыртқаның бағасы едәуір өсті. Бұл ретте, жыл ішінде қорға бағаның шамалы өсуі байқалған көкөністер сатып алынды», деп түсіндірді Б.Сұлтанов.
Үшіншіден, нарықтық құралдар өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл форвардтық сатып алу және «айналым схемасы». Сауда және интеграция министрінің айтуынша, бүгінгі таңда жергілікті бюджеттерден 21,9 млрд теңге бөлінді. «Механизм тиімді, дегенмен нарыққа айтарлықтай әсер ету үшін қаржыландыруды кеңейту қажет. Отандық өндірушілермен келісімшарттарды «қолымен басқару» режімінде жүргізе отырып, желілерге арзандатылған кредиттерді 50 млрд теңгеге дейін ұлғайту керек», деді Б.Сұлтанов.
Мәселені Үкімет басшысы Асқар Мамин қорытындылады. «АӨК дамыту, оның ішінде ішкі нарықты отандық азық-түлікпен толықтыру – Үкіметтің стратегиялық міндеті. БҰҰ жанындағы Азық-түлік ұйымының болжамы бойынша, еліміздің әлемдік азық-түлік хабтарының біріне айналуға нақты мүмкіндігі бар», деді ол.
Премьер-Министр Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасында ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, астық, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер мен қант) өндіру және қайта өңдеу, субсидиялау жүйесін реформалау, ауылда кооперацияны ынталандыру, сондай-ақ ветеринарлық және фитосанитарлық қызметтер мен аграрлық ғылымды одан әрі дамыту бойынша 7 ірі экожүйені құру жөнінде міндеттер қойылғанын атап өтті. Аталған шараларды іске асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай АӨК-те еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру және өнім экспортын 2 есе ұлғайту жоспарланып отыр, оның 70%-ы қайта өңделуі тиіс.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1,3 есеге артады. Бұл ретте 2023 жылға қарай ішкі нарықты негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша отандық өніммен 100% толықтыру қамтамасыз етіледі. «Әкімдер азық-түліктің негізгі түрлеріне бағаны тұрақтандыруға бақылауды күшейтіп, өңірлерде тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тәсілдерін қайта қарауы, азық-түлікті форвардтық сатып алу тетіктерін неғұрлым кеңінен пайдалануға назар аударуы қажет. Мәселен, мұндай жұмыстар Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қызылорда облыстарында жақсы жолға қойылған. Бұл өңірлерде бағалардың ең төменгі өсуі байқалады. Біздің негізгі мақсатымыз – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жалпы, агроөнеркәсіптік кешеннің даму әлеуеті өте жоғары», деді А.Мамин.
Алға қойылған ауқымды міндеттерді іске асыру үшін кезең-кезеңімен жалпы сомасы 4 трлн теңгеден асатын 400-ге жуық инвестициялық жобаны (жыл сайын 70-80 жоба) іске асыру жоспарланып отыр. Бұл АӨК салаларындағы еңбек өнімділігін арттыруға және
ауылда 500 мыңға дейін жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Осы ретте Ауыл шаруашылығы министрлігіне Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп аграрлық ғылым мен білімді дамыту бағдарламасын әзірлеу, аграрлық ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру, сондай-ақ АӨК субъектілерін білім беру жүйесімен қамту бойынша ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамыту
Үкімет отырысында медициналық-санитарлық алғашқы көмекті (МСАК) дамыту жөніндегі шаралар қаралды. Бұл жөнінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баяндады.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке медициналық алғашқы көмекті ұйымдастырудың тәсілдерін түбегейлі қайта қарауды тапсырды. Халықтың басым көпшілігіне, әсіресе ауылды жерлерде мобильділік пен қолжетімділік аса қажет. Бұл міндеттер Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасында белгіленген», деді А.Мамин бұл мәселе туралы.
Премьер-Министр Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы амбулаторлық-емханалық нысандарды техникалық жабдықтау деңгейінің төмендігі мен ғимараттардың тозуын атап өтті. Үкімет басшысы жас медицина қызметкерлерін ауылдарға жұмысқа белсенді тарту және әлеуметтік қолдау қажеттігін атап өтті. Мысал ретінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарындағы осындай жұмыстың оң тәжірибесін келтірді. «2025 жылдың соңына дейін 487 объектіні салу жоспарланған. Сонымен қатар 600-ден астам алғашқы медициналық көмек көрсету объектілерін күрделі жөндеуден өткізу қажет. Қабылданып жатқан шаралар, әсіресе, ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық көмекпен қамтуды едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді», деді А.Мамин.
Үкімет басшысы өңірлердің әкімдеріне бір ай мерзімде Денсаулық сақтау министрлігіне жолдар мен елді мекендер бойынша бөлінген алғашқы денсаулық сақтау нысандарының инфрақұрылымын дамытудың жол картасын әзірлеп, жолдауды тапсырды. Әкімдіктерге Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, өңірлерде жаңа учаскелер ашу, жеке секторды дамыту және тарту арқылы МСАК дәрігерлерінің жүктемесін азайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ жас медицина қызметкерлерін, әсіресе ауылға жұмысқа келген жас мамандарды материалдық ынталандыру шараларын қабылдау тапсырылды.
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Қордай ауданында құрылыс қарқынды жүргізілуде
Аймақтар • Бүгін, 16:27
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 16:26
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:25
Елорда • Бүгін, 16:21
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Бүгін, 16:11
Ерекше балаларға жағдай жасамаған директорлар жазаланады
Білім • Бүгін, 16:01
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Бүгін, 15:37
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Бүгін, 15:17
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Бүгін, 15:14
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:12
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Бүгін, 15:10
Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды
• Бүгін, 14:31
«Эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін»: Біртанов бостандық сұрады
Медицина • Бүгін, 14:30
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Елшілік АҚШ пен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?
Бокс • Бүгін, 13:28
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Бүгін, 13:25
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:47
Алты айдан бері үйқамақта отырған Біртановтың фотосы тарады
• Бүгін, 12:31
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Бүгін, 12:21
NIS пен PIIMA ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Білім • Бүгін, 12:18
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:11
Депутат мұғалім мен дәрігерден өзге қызметкердің де жалақысын көтеруді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 12:05
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Бүгін, 11:58
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 11:34
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Бүгін, 11:30
Қарағанды маңында қоқыс полигоны өртенді
• Бүгін, 11:19
Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалық құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 11:14
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Ит асыраудың да өз ережесі бар
Қоғам • Бүгін, 11:00
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Санкт-Петербургте тағы үш боксшымыз жеңіске жетті
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:51
Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 10:38
Қазақстанда 766 мыңнан аса адам коронавирус вакцинасын салдырды
Коронавирус • Бүгін, 10:28
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Жетісу диқандары жер игеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:07
Еліміздің тағы екі өңірі «қызыл» аймаққа кірді
Коронавирус • Бүгін, 10:03
Таразда мектеп оқушылары арасында атыс болған
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүр
Қоғам • Бүгін, 09:53
Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 765 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:33
Елбасы Боао форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады
Елбасы • Бүгін, 09:32
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдерге арналған «Динамо» аула клубы ашылды
Қоғам • Бүгін, 09:27
Павлодар ауданында алқаптағы құрғақ шөп өртенді
Оқиға • Бүгін, 09:26
Қазақстанда бір тәулікте 2696 адам коронавирусқа шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:16
Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 252 мыңнан асты
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Техникалық мамандықтар: армандарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері
Білім • Бүгін, 09:12
Қостанайда ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:05
Руханият • Бүгін, 08:31
Жаңатастық жүргізушілер жұмада жақсылық жасайды
Қоғам • Бүгін, 08:27
Отандық вакцинаны қолдану жоспарда бар
Медицина • Бүгін, 08:20
Тасқын суларды өткізу жағдайы тұрақты
Қоғам • Бүгін, 08:09
Елбасы • Бүгін, 08:03
Көмір индустриясындағы маңызды келісім
Экономика • Бүгін, 07:59
Аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізіледі
Технология • Бүгін, 07:49
Жеке куәліктің қажеті болмайды
Саясат • Бүгін, 07:47
Көлік құралының электронды паспорты
Технология • Бүгін, 07:45
Егуге қарсы адамдардың медицинаға еш қатысы жоқ
Қоғам • Бүгін, 07:45
Сот орындаушылары шектен шығып жүрген жоқ па?
Саясат • Бүгін, 07:43
Руханият • Бүгін, 07:38
«Абай әлемі – адастырмас шамшырақ»
Абай • Бүгін, 07:37
Оқиға • Бүгін, 07:34
Аймақтар • Бүгін, 07:33
Қай елдің сардарларын даярлап жүрміз?
Аймақтар • Бүгін, 07:30
Докторантураға түсу кезінде шығармашылыққа көңіл бөлінеді
Білім • Бүгін, 07:28
Құбырдағы судың сапасы қандай?
Қоғам • Бүгін, 07:28
Қоғам • Бүгін, 07:24
Ұқсас жаңалықтар