Қоғамдық пәлсапалық һәм танымдық тұрғыдан қарағанда «адам» ұғымы аса күрделі. ХІ ғасырда өмір сүрген түрік ғұламасы Мәулана Руми: «Адамның болмысы – ішінде әртүрлі аңдар мекендейтін орманға ұқсас. Біздің бойымызда таза-лас, жаман-жақсы, имани-хайуани сияқты мыңдаған қасиет бар. Егер ішкі жан шаһарыңда қасқыр үстемдік ете бастаса, адамның қасқырға айналғаны. Жақсылықтар мен жамандықтар да жасырын жолдармен жүрекке құйылып тұрады. Сәт сайын адамның жүрегінде бір нәрсе бас көтереді. Сол себепті адам кейде періште, кейде шайтани сипатқа айналып отырады» деген екен.

Сол секілді әйгілі философ Марк Орэл өзінің «Ойлар» атты кітабында: «Күнде таңертең адамдар арасына барып қосылғанда: бүгін мен адам бейнесіндегі кейбір жыртқыштармен кездесем, оларды ызаландырмай, өзім таланбай, үйіме аман-есен оралуым керек» деген пайым ұсынам деген екен.
Ал көне қытай ойшылдары адамнан адамның айырмасы жайлы әртүрлі пікірлер айтқан. Мысалы, данышпан Күңзі (Конфуций) адам баласының қасиетін үш топқа жіктеп: дана адам – асып-таспайды, жақсы адам – күй талғамайды, батыл адам – қорықпайды десе, қытай жұртының тағы бір ғұламасы Чжан Цзы өзінің арғы тегінен ажырамайтын адамды Аспан адамы, рухани бастауынан бөлінбеген адамды Қасиетті адам, шындықтан бөлінбеген адамды Кемел адам деген тұжырым жасаған. Тағы да осы шығыс ғұламалары даналық өсиеттерінде:
- Ештеңе білмейтін, бірақ ештеңе білмейтінін түсінбеген адам – ақымақ. Оны айналып өт.
- Ештеңе білмейтін, бірақ өзінің білмейтінін түсінген адам – шәкірт. Оған ілім үйрет.
- Барлығын білетін, бірақ білгенін іске асырмайтын адам – ұйқыдағы жан. Оны оят.
- Барлығын білетін, білгенін іске асыратын адам – данышпан. Оны ұстаз тұт, деген екен.
Еуропалық ілім иелері болса, адамның адами қасиетін көп жағдайда тұрмыстық-әлеуметтік, мәдени құбылыстар арқылы бағалаған. Мысалы, немістің атақты философы Артур Шопенгауэр адамдарды туабітті бекзада, қалталылар аристократиясы, таланттың тектілігі деп үшке бөлсе, орыс жазушысы Лев Толстой пенде баласы үшін даналыққа (адами ұлы қасиетке) жетудің үш жолы бар, депті. Біріншісі – ой арқылы жету, бұл шапағатты жол, екіншісі – тәжірибе арқылы жету, бұл ауыр жол, үшіншісі – еліктеу арқылы жету, бұл ең жеңіл жол, деген екен.
Жалпы, адамнан адамның артықшылығы туралы да мұсылман ілім иелері ой бөлісіп, шариғи тұрғыдан баға берген. Айталық үлкен ғалым Әли Мұртада пенде баласын үш топқа бөліпті. Біріншісі – раббани ғалымдар, екіншісі – құтқарылу жолына түскен ілім іздеушілер, үшіншісі – әркімге еліктеп өзін нұрландыра алмаған тобыр.
Сол сияқты атақты хорасан шейхы Кушайри кемелденуін, яғни толық адами қасиетке ие болуын оның тақуалық сипатымен өлшейді. Әрі шынайы тақуалыққа жеткен адамды танып, білетін белгілері ретінде мынаны айтады: шынайы тақуа – байлық бітсе өзін пақыр сезінеді, билікке жетсе – ұстамды болады, даңқы шықса – жасырын жүреді дейді.
Тағы бір Шығыс данасы – өзіміздің бабамыз әл-Фараби болса, адамды кемелдендіретін екі нәрсе, олар – тәрбие мен білім деп қараған. Тіпті тәрбиесіз берген білімді зиянды деп көрген. «Адамды ғалым әрі кемел етіп тәрбиелеудің басты құралы – оның жүрегіне иман қуатын сіңіру» деген екен өзінің трактаттарында.
Сол сияқты, Абай атамыз да адамдықтың деңгейін дәл осы иман қуатымен өлшеген. Қара сөздерінде «Толық мұсылман болмай – толық адам болмайды» деп кесіп айтқан. Осы орайда, адамның адамнан айырмасы жайлы қазақ ғұламасы «Абайдың өлшемі» қандай болды деген пайым туары анық.
Айталық, Абай атамыз адамға ең қажет асыл дүниелер: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек дейді. Осы үш қасиеті бар адамды абзал адам қатарына жатқызып, адамнан адамның айырмасы қандай деген сұраққа, дана атамыз «әуелі адамнан адамның артықшылығы – оның ақыл, ғылым деген нәрселерімен өлшенеді» дей отырып, ал адам баласы «Алланың хикметін біреуден-біреу анығырақ сезбекпен артылады» деген екен.
Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Қоғам • Бүгін, 17:52
ШҚО-да заңсыз балық аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды
Аймақтар • Бүгін, 17:37
Маминнің төрағалығымен өткен кеңесте салық мәселесі қаралды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Нұр-Сұлтанда әлеуметтік аз қамтылған топтарға қандай көмек көрсетіледі?
Қоғам • Бүгін, 17:16
Үндістанда коронавирустың жаңа мутациясы анықталды
• Бүгін, 17:14
Адам өліміне әкелген жол апатына кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:48
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Қоғам • Бүгін, 16:47
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Бүгін, 16:40
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Аймақтар • Бүгін, 16:27
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Бүгін, 16:26
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:25
Елорда • Бүгін, 16:21
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Бүгін, 16:11
Ерекше балаларға жағдай жасамаған директорлар жазаланады
Білім • Бүгін, 16:01
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Бүгін, 15:37
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Бүгін, 15:17
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Бүгін, 15:14
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Бүгін, 15:12
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Бүгін, 15:10
Әскери ұшақтың апатқа ұшырау себебі айтылды
• Бүгін, 14:31
«Эпидемиямен қалай күресу керектігін білемін»: Біртанов бостандық сұрады
Медицина • Бүгін, 14:30
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Бүгін, 14:18
Елшілік АҚШ пен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қатысты пікір білдірді
Қазақстан • Бүгін, 13:42
Қазақстан боксшыларының жейдесінде белгі неге жоқ?
Бокс • Бүгін, 13:28
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Бүгін, 13:25
Ауа райы • Бүгін, 12:57
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Бүгін, 12:47
Алты айдан бері үйқамақта отырған Біртановтың фотосы тарады
• Бүгін, 12:31
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Бүгін, 12:21
NIS пен PIIMA ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
Білім • Бүгін, 12:18
Аймақтар • Бүгін, 12:15
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:11
Депутат мұғалім мен дәрігерден өзге қызметкердің де жалақысын көтеруді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 12:05
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Бүгін, 11:58
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 11:34
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Бүгін, 11:30
Қарағанды маңында қоқыс полигоны өртенді
• Бүгін, 11:19
Маңғыстауда теңіз жағасына шығып қалған итбалық құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 11:14
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Бүгін, 11:08
Ит асыраудың да өз ережесі бар
Қоғам • Бүгін, 11:00
Аймақтар • Бүгін, 10:57
Санкт-Петербургте тағы үш боксшымыз жеңіске жетті
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:51
Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады
Президент • Бүгін, 10:38
Қазақстанда 766 мыңнан аса адам коронавирус вакцинасын салдырды
Коронавирус • Бүгін, 10:28
Аймақтар • Бүгін, 10:10
Жетісу диқандары жер игеріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:07
Еліміздің тағы екі өңірі «қызыл» аймаққа кірді
Коронавирус • Бүгін, 10:03
Таразда мектеп оқушылары арасында атыс болған
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Қазақстанда 14 мыңнан астам шетелдік азамат еңбек етіп жүр
Қоғам • Бүгін, 09:53
Сарыағашта пайдаланылмай жатқан 765 гектар жер мемлекетке қайтарылды
Аймақтар • Бүгін, 09:33
Елбасы Боао форумына қатысушыларға бейнеүндеу жасады
Елбасы • Бүгін, 09:32
Нұр-Сұлтанда жасөспірімдерге арналған «Динамо» аула клубы ашылды
Қоғам • Бүгін, 09:27
Павлодар ауданында алқаптағы құрғақ шөп өртенді
Оқиға • Бүгін, 09:26
Қазақстанда бір тәулікте 2696 адам коронавирусқа шалдықты
Коронавирус • Бүгін, 09:16
Елімізде коронавирустан жазылғандар саны 252 мыңнан асты
Коронавирус • Бүгін, 09:13
Техникалық мамандықтар: армандарды жүзеге асырудың мүмкіндіктері
Білім • Бүгін, 09:12
Қостанайда ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Бүгін, 09:05
Руханият • Бүгін, 08:31
Жаңатастық жүргізушілер жұмада жақсылық жасайды
Қоғам • Бүгін, 08:27
Отандық вакцинаны қолдану жоспарда бар
Медицина • Бүгін, 08:20
Тасқын суларды өткізу жағдайы тұрақты
Қоғам • Бүгін, 08:09
Елбасы • Бүгін, 08:03
Көмір индустриясындағы маңызды келісім
Экономика • Бүгін, 07:59
Аяқ киімді цифрлы таңбалау енгізіледі
Технология • Бүгін, 07:49
Жеке куәліктің қажеті болмайды
Саясат • Бүгін, 07:47
Көлік құралының электронды паспорты
Технология • Бүгін, 07:45
Егуге қарсы адамдардың медицинаға еш қатысы жоқ
Қоғам • Бүгін, 07:45
Сот орындаушылары шектен шығып жүрген жоқ па?
Саясат • Бүгін, 07:43
Ұқсас жаңалықтар