Сүйінші жаңалықты ӨКҚ алаңында өткен брифинг барысында «Ұлытау» тобының продюсері Қыдырәлі Болман, сондай-ақ топ мүшелері Серік Сансызбаев, Әсел Исаева, Максим Кичигин, Рүстем Баекеев, Жанболат Әділов, Әли Ибрагимов хабарлады. Лос-Анджелесте өткен өнер бәйгесіне әлемнің 83 елінен 13 музыкалық бағыт бойынша мыңдаған музыкант қатысты.
Топ продюсері Қыдырәлі Болман Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақтастығы І орын алуға мүмкіндік бергенін атап өтіп, қала тұрғындарына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдірді.
Байқау жеңімпаздары туындыны Сapital Studios музыкалық орталығында (АҚШ, ЛА) танымал америкалық продюсер Брайан Малуфпен жазу құқығына ие болғанын айта кетейік. Ал бәйге қорытындысы аралас форматта шығарылды: 50% – көрермендердің дауыс беруі, 50% – америкалық продюсер Брайан Малуфтың шешімі.