31 Желтоқсан, 2013

Елімізде темір жол билеті бағасы қымбаттайды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 12- poezdЖаңа жылдан бастап темір жол билетінің бағасы 7 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Соңғы жеті жыл ішінде темір жол ақысы 75 пайызға қымбаттапты. Енді жоғарыдағы хабарды естігендер алдын ала билет сатып алған көрінеді. Ал жаңа жылдан бастап «Астана-Алматы» бағытына жолға шыққандар 448 теңгені артық төлейді. «Астана-Қарағанды» мен «Астана-Петропавл» жолаушылар пойызының билет құны да 182 теңгеге өсті.

«Ресейдің тәжірибесінен үлгі алсақ артықтық етпес еді. Онда теміржол арқылы іске асатын бірқатар жобаларды қазына  қаржыландырады. Тарифтің өсуі отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне кері әсер етуде. Осыған орай, қолдауға демеу болатын ұсыныс әзірлеп жатырмыз», - дейді «Қазақстандық тауар өндірушілер және экспорттаушылар одағының» президенті Николай Родостовец.

Былтыр "Қазақстан темір жолының" еншілес компаниясы " Жолаушылар тасымалы"  жол ақыны алпыс пайызға арттырамыз деген болатын. Артынан құзырлы орын бұл көрсеткішті 13 пайызға түсіртті. Ал биылғы қымбатшылыққа  жанармай, жарық, су бағасының өсуі себеп болыпты. Вагон жөндеу жұмыстарына да біраз шығын кететін көрінеді.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы

Фото: goodfon. ru