31 Желтоқсан, 2013

Жамбыл облысындағы шенеуніктің былығы әшкереленді

406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31 12- OkranaЖамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі қызметінен өз еркімен кетті. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Тұрар Рысқұлов ауданының әкімі үйінде аспазшы мен бір топ күзетші ұстап, олардың айлығын бюджет есебінен төлеген. Осының салдарынан мемлекет қазынасы 668 мың теңгеге шығынға батты. Бұл келеңсіздік тәртіптік кеңесте қаралып, аудан басшысы Марат Смайыловқа қатаң сөгіс беру туралы ұсыныс жасалған еді. Ал жоғарыда аталған азаматтарды жұмысқа алу жөнінде бұйрық шығарған аудан әкімінің аппарат жетекшісін қызметінен босатқан. Іле облыс басшысы аудан әкімі «қызметіне сәйкес емес» деген өкім шығарыпты. Осыдан кейін аудан әкімі өз еркімен қызметінен кетуге мәжбүр болған.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Фото: Metrinfo. ru