31 Желтоқсан, 2013

Тараз қаласының жаңа әкімі тағайындалды

24582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31-12-31-nurjan kalendarov-2

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен және Президент Әкімшілігінің келісімімен

Нұржан Сәбитұлы Календеров Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімінің сайты хабарлады.

Нұржан Календеров 1976 жылы туған.  Білімі жоғары, 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Арнабол» ЖШС бухгалтері болып бастаған.

1998-2000 жылдары «Шың» ЖШС бухгалтері, 2000-2003 жылдары Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Тараз қалалық бөлімшесінде және Жамбыл облыстық филиалында маман, бас маман, 2003-2005 жылдары облыс әкімі аппаратының бас маманы, 2005-2011 жылдары облыстық қаржы басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы, 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімі қызметтерін атқарған. 2013 жылдың маусым айынан жаңа тағайындауға дейін Қордай ауданының әкімі қызметін атқарған.

Сәкен Майлыбай.

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.