Тазалық науқанына дайындықпен танысқан облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев күшейтілген режимге көшуді тапсырды. Қала көшелерін күл-қоқыстан тазартып, жолдарды жууға арналған алуан түрлі техника Түркістан көшелеріне шықты. Аталған жұмыстар тынымсыз жүргізілетін болады. Облыс орталығында апта сайын жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылуда. Қаланы қоқыстан тазартып, жанашырлық танытқан жандар тал егу жұмыстарына да белсенді қатысуда. Қала тұрғындары өз аулалары мен көше аумақтарындағы қоқыстарды шығарып, арықтарды тазаласа, қызметкерлер мекеме маңында тазалық жұмыстарын жүргізуде.
Қаладағы құрылыс нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысқан облыс басшысы шаһарды жарықтандыруда қолға алынған жаңа жобалармен танысты. Түркістандағы барлық ірі ғимараттар, саябақтар, көпірлер мен демалыс орындары бір үлгіде жарықтандырылып, қалаға өзгеше реңк береді. Көне шаһар бірнеше бағытта көркейіп, заманауи технологиялардың көмегімен «ақылды қалаға» айналуда.