31 Желтоқсан, 2013

Жамбыл облысында үздік журналистер марапатталды

795 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

pressa-5

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Жаңа жылдың қарсаңында аймақтың жыл көлемінде ерекше еңбектерімен көзге түсіп, оқырман ықыласына бөленген үздік журналистеріне марапат тапсырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Журналистер арасындағы шығармашылық конкурс жыл сайын өтеді. Арнайы номинациялар бойынша жеңімпаздарды комиссия таңдайды, оның құрамына елімізге танымал қоғам қайраткерлері, жазушылар мен БАҚ өкілдері кіреді», - делінген хабарламада.

 «Облыстың әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігін республикалық деңгейде белсенді көрсетіп, насихаттағаны үшін» номинациясы бойынша «Қазақстан» ұлттық телеарнасының меншікті тілшісі Ғани Қалмахан, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің меншікті тілшісі Виктория Савельева, «Апорт» телекомпаниясының продюсері Елена Горячева марапатталды.

 «Үздік публицистикалық материал» аталымына облыстық «Ақ жол» газетінің тілшісі Жанат Қапалбаева ие болса, «Үздік талдамалық материал» номинациясына облыстық «Арай» жастар газетінің тілшісі Хамит Есаманов ие болды. Ал «Үздік телерадио хабары» номинациясында облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының тілшісі Гүлнұр Құланбаева, «Үздік ақпараттық хабарлама» номинациясында облыстық «Знамя труда» газетінің тілшісі Михаил Тё, «Үздік очерк» номинациясында облыстық «Знамя труда» газетінің бөлім меңгерушісі Дархан Байтуов, «Үздік фото материал» номинациясында республикалық «Время» газетінің меншікті фототілшісі Ольга Щукина жүлделерге қол жеткізді.

Мұрат Айтқожа.

Дереккөз: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.