Қазақстан • 03 Наурыз, 2021

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Роза Тәжібайқызы Бағланованың құрметіне ескерткіш Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігінде, Байсейітова көшесінің шығыс жағында орнатылады.

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

«12 наурызға дейін Роза Тәжібайқызы Бағлановаға арналған ең жақсы ескерткіштің жобасын жасауға ашық конкурс жарияланды. Қазіргі уақытта монументалды өнердің құру процесі жүріп жатқан соң, бюджет 2021 жылдың екінші жартысында қаралатын болады. Әзірге ескерткіш салуға қанша қаражат жұмсалары белгісіз», деді басқармадан.