«2012 жылғы баланың жағдайы өте ауыр. Өкпеге ауа жіберу аппаратына қосылған. Диагнозы: Ауыр ілеспе жарақат, ауыр ашық краниоцеребральды жарақат, мидың қатты контузиясы, екі сан сүйегінің жабық сынуы, 2-3 дәрежелі травматикалық шок. 3-4 дәрежедегі кома. 2012 жылғы екінші бала. Диагнозы: ілеспелі ауыр жарақаттар, ауыр жабық краниоцеребральды жарақат, екі сан сүйектің жабық сынуы. 2 дәрежелі кома, 2-3 дәрежелі травматикалық шок. Бала өкпеге ауа жіберу аппаратына қосылған. Қарқынды терапия жүргізілуде. 2011 жылғы үшінші баланың диагноз: ілеспелі жарақат, мидың контузиясы, оң аяғының екі сүйегіні де сынған, ашық сынық, 1 дәрежелі травматикалық шок. Баланың жағдайы тұрақты», делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Айта кетсек, 2021 жылы 2 наурызда сағат 18.40-та Уаз автокөлігін тізгіндеген 54 жастағы Еңбекшіқазақ ауданы, Корам ауылының тұрғыны мас күйінде (орташа дәрежеде) Қорам ауылында Арзиев көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Абай көшесімен қилыстағы жол шетінде тұған екі 8 жасар және екі 9 жастағы қыздарды қағып кетті. Соққы салдарынан үш бала түрлі дене жарақаттарымен Шелек аудандық ауруханасына жатқызылды.
Жүргізуші медициналық сауықтыру пунктіне жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-1 2-бөлімі, "Көлік құралдарын алкогольдік масаң күйінде басқарған адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.