Әлем • 03 Наурыз, 2021

Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Джонглэй штатындағы Пейриде South Supreme жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. 

Оңтүстік Суданда ұшақ апатынан 12 адам қаза тапты

Джуба халықаралық әуежайының директоры Кур Куол ақпарат агенттігіне берген сұхбатында South Supreme ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай Джонглэй штатының Пейри аймағында құлағанын айтқан. 

Оқиға жергілікті уақыт бойынша 17:00 шамасында болған.

Оның айтуынша, оқиға құрбандарының нақты саны мен ұшақ апатының себептері әлі нақты анықталған жоқ.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, апат салдарынан 10 жолаушы мен екі ұшқыш қаза тапты.

Авиакомпания бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.