Қоғам • 04 Наурыз, 2021

Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған

472 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 27 жастағы жігіттің қаланың бірнеше бөлігіне есірткіні жасырғаны анықталды.  

Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі жасырды деген күдікпен 27 жастағы жас жігітті ұстады.

«Атырау қаласы тұрғынының уақытша мекен-жайын тінту кезінде ұнтақ тәрізді зат, есірткі дозаларын өлшейтін құралдар табылды. Тергеуден соң күдікті қала аумағының үш нүктесінде өзі жасырған 60 дозаны құрайтын есірткіні тауып берді. Сараптама қорытындысымен есірткі-пировалерон екені анықталды» дейді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Марат Тағаниязов.

Қазір ұсталған күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 297-бабы, 3-бөлігімен  сотқа дейінгі тергеу басталды.