Экономика • 04 Наурыз, 2021

Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында

18 рет көрсетілді

Шымкент қаласындағы «AZALA Textile» ЖШС-і Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі көшбасшыларының бірі болып қана қоймай, Литва, Латвия, Германия, Италия, Польша, сондай-ақ жақын шет елдерге тауарлары экспортталатын халықаралық бренд болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандағы толық циклдегі жалғыз тоқыма фабрикасы - «AZALA Textile» ЖШС-і – өз атауын зауыт басшысының балаларына деген қамқорлығының нышаны ретінде алды. Өндіріс иесі кәсіпорынның атауын өзінің 5 қызының есімдерінің алғашқы әріптерінен құрды: Айсұлу, Зере, Аружан, Ләззат, Айшабибі.

Жылына 2800 тоннадан астам иірімжіп, дайын және қатты матаның 14 миллион метрін шығаратын өндірістік қуаты бар тоқыма комбинаты Шымкент қаласында орналасқан.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы негізінде комбинаттың өндірістік қуаты кеңейтілді. Нәтижесінде бояу-өңдеу және тігін цехтары қосылды. Қайта жаңартудан кейін «AZALA Textile» ЖШС-і комбинаты еліміздегі мақта талшығын қайта өңдеуді және дайын мақта-мата бұйымдарын шығаруды қамтитын толық өндіріс циклі бар алғашқы өңдеу тоқыма кәсіпорны болды.

Бүгінде мақта-мата комбинаты өнімнің кең ассортиментін шығарады. Бұл-дайын өңделген маталар, түкті және вафельді сүлгілер мен ақжаймалар, төсек-орын жиынтығы, барлық стандартты өлшемдегі төсек-орын жабдықтары, сүлгілер, ақжаймалар, жастық тыстары, көрпе тыстары, балалар тоқымасы, сондай-ақ қатты иірімжіп (100% мақта), қатты маталар (100% мақта, тегіс, түкті, вафельді).

2015 жылы «AZALA Textile» ЖШС ел өңірлерінің арасында жеңіл өнеркәсіптің негізгі кәсіпорындарының бірі болып танылды және «Кәсіпкерлік саласындағы үздіктер» атты облыстық конкурста жеңімпаз атанды. Ал 2018 жылы «Үздік индустриялық жоба-2018» номинациясында «Алтын Сапа» Ұлттық сыйлығын алды.

«AZALA Textile» ЖШС-нің ұзақ мерзімді стратегиясы бәсекеге қабілетті өнімнің ассортиментін кеңейтуге және жоғары сапаға негізделген. Комбинат ел ішін және шетелдерді «Made in Kazakhstan» брендімен шығатын жоғары сапалы өніммен толтыра отырып, тоқыма нарығының жаңа сегменттерін дәйекті түрде игеруде.

«AZALA» өнімдерін Шымкент қаласындағы сауда орталықтары мен базарларда сатылады. «AZALA Textile» өнімдері туралы толық ақпаратты келесі сайт арқылы алуға болады: www.azalatextile.kz

Соңғы жаңалықтар

Алдағы апта күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 12:57

Сүйіспеншілік сабағы

Аймақтар • Бүгін, 12:15

Елордада күн жылына бастайды

Аймақтар • Бүгін, 10:57

Түрмеге кітап сыйлады

Аймақтар • Бүгін, 10:10

Жақсының аты өлмейді...

Руханият • Бүгін, 08:31

Теңдік түбі – бірлік

Елбасы • Бүгін, 08:03

Талдының маңын тазартты

Руханият • Бүгін, 07:38

Жол үстіндегі мұзтау

Оқиға • Бүгін, 07:34

Талдықұдық неден тарықты?

Аймақтар • Бүгін, 07:33

Жаһандану жайы өзекті

Қоғам • Бүгін, 07:24

Ұқсас жаңалықтар