Футбол • 04 Наурыз, 2021

«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футбол клубының басшылығы мен жаттықтырушы бірлесе осындай шешімге келген, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты

«Екібастұз» ФК бас бапкері Ғалым Байкен Серік Әбдуәлиевке сіңірген зор еңбегін ерекше атап, жұмысына алғыс білдірді.

– Клуб басшылығы мен ұжымы командамызда атқарған еңбегі үшін аса білікті маманға алғыс айтады, – дейді Ғалым Байкен. – Клуб үшін көп тер төкті. Командамыздың дамуына қосқан үлесі үшін Серік Қайыркенұлына рахмет айтамыз.

Айта кетейік, белгілі қазақстандық маман 2020 жылдың қаңтарында «Екібастұздың» бас бапкері болып тағайындалған болатын. Серік Әбдуәлиев басшылығындағы команда құрамы жасарды. Командаға Павлодар облысы футбол мектептерінің түлектері келіп қосылды.

Былтырғы Бірінші лигадағы чемпионат нәтижесінде «Екібастұз» бірінші конференцияда бесінші орын алып, алдындағы нәтижесін жақсартты. Команда айқын тактикалық сызбанұсқа бойынша ойнап, жұртшылық назарына ілікті.  Команда ойыншылары Дамир Марат, Наурызбек Жагоров, Алексей Скворцов және Анатолий Красотин Қазақстанның жастар құрамасына шақырту алды.

Соңғы жаңалықтар