Ротациялау институты мемлекеттік қызметте, бизнес құрылымдарында және басқа да бағыттарда енгізілген. Алайда білім беру саласында ротациялау тәртібін қолдану мүмкін болмады. Тіпті мемлекеттік ұйымдардағы басшылардың басым денімен мерзімсіз еңбек шарты жасалған, сәйкесінше көбі лауазымдық қызметті жылдар бойы атқарады.
Дегенмен олардың арасында ұймдағы жұмысты жақсарту үшін бар күшін, ынта-жігерін салып еңбек етіп жатқан білікті басшылардың да бар екені жасырын емес. Тек жылдар бойы бір орында жұмыс істесе де тиімділігін жоғалтпағандар санаулы.
Кейбір жағдайларда жұмысқа деген ынтаның төмендеуі, мотивацияның жоғалуы немесе сол ұйымдағы басқа мамандардың да қызметтік өсуге деген ниеті болуы – заңды ұғым.
Яғни басшылардың жылдар бойы бір лауазымда отыруының өз артықшылықтары да бар, кемшіліктері де көрініс тауып жатады.
Жалпы басшыларды орындарымен ауыстыру үздік тәжірибені басқа да ұйымдарға енгізуге ықпал етеді.
Әрине, бұл тұрғыда ротациялаудың нақты тәртібі бекітіледі.
Ротацияны министрлік әзірлеген қағидалар бойынша білім басқармалары жүргізетін болады.
Сенат депутаттары бірнеше маңызды жаңа нормаларды қамтитын заң жобасын қарастырып, мақұлдады. Ол құжат бойынша мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент Украинадағы ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
Президент • Бүгін, 00:42
Экономикалық трансформация: Елде 17 ірі жоба ашылып, 25 мың адамды жұмыспен қамтиды
Экономика • Бүгін, 00:15
Азия чемпионатына баратын боксшылар белгілі болды
Спорт • Кеше
Балқаш көлінде жоғалып кеткен балықшылар табылды
Төтенше жағдай • Кеше
Елордадан 556 мың текше метр қар шығарылды
Елорда • Кеше