«2020 жылғы 1 қаңтардан республикалық мәдениет ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл басқарушы және негізгі персоналдарға ғана қатысты. Ал қосалқы персонал, инженерлер, программистер мен кітапханалардың функционалдық қызметін қамтамасыз ететін мамандар жалақысы көтерілмей қалған. Аймақтардағы кітапханашылар айлығы бұдан да төмен», - деді Нұртөре Жүсіп.
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеріп қана қоймай, еліміздің архив материалдарын сақтау үшін нысандар салу керек деп санайды.