Қоғам • 04 Наурыз, 2021

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ комплаенс-қызметтері жұмысының басымдықтары айқындалды

10 рет көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік басқару академиясымен ««Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша алғашқы оқыту семинарын өткізді.

Семинар жұмысына холдинг басшылығы, сондай-ақ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» АҚ, «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркі, «Astana IT University» ЖШС қатысты.

Айта кету керек, квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет өткен жылдың соңынан бастап заңнамалық деңгейде енгізілді және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді.

Іс-шара барысында Агенттіктің парасаттылық департаментінің директоры Ғ. Асанұлы комплаенс-қызметтерді енгізу бойынша институционалдық база заңнамалық түрде құрылғанын, оны дамыту бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленгенін атап өтті.

«Зерде» АҚ компаниялар тобында комплаенс-қызметтері құрылғанын ескере отырып, Ғ. Асанұлы оларды білікті кадрлармен күшейтуге шақырды.

Ол комплаенс-қызметтердің негізгі басымдықтары сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, мүдделер қақтығысын реттеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау болуы тиіс екенін атап өтті.

Мемлекеттік басқару академиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін зерделеу жөніндегі зерттеу орталығы басшысының орынбасары Е. Жаров сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесін құру процесінде ISO 37001 «Парақорлықпен күрес менеджменті жүйесі» халықаралық стандартын енгізу әлеуетін атап өтті.

Өз кезегінде холдинг басшылығы компланс-қызметтердің қызметкерлерін одан әрі оқытуға және әрбір еншілес ұйымда осыған ұқсас кездесулер өткізуге мүдделілігін атап өтті.

Іс-шара соңында кеңеске қатысушылардың туындаған сұрақтарына Агенттік және Академия өкілдері толық жауап берді.

Соңғы жаңалықтар

Асыл ағаның шарапаты

Руханият • Бүгін, 00:08

Құймақұлақ

Руханият • Кеше

Газ бағасы неге қымбат?

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар