Аймақтар • 04 Наурыз, 2021

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұрын бірдей қылмыстық іс-әрекеттері үшін сотты болған екі күдікті бірігіп, Алматыда оншақты пәтерге ұрлыққа түскен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

Қаскөйлер қолдарына түскен құнды заттардың барлығын ұрлаған.

– 1990  және 1994 жылы туған екі күдікті Алматының іргесінде орналасқан бір ауылда тұрады және көршілер болып табылады. Сонымен қатар, олар бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің бірдей баптары бойынша сотталған. Олар пәтерлерге кілттерді іріктеу арқылы кірген. Бөтен біреулердің үйіне заңсыз кірген қаскөйлер тез арада ақша мен бағалы заттарды тауып отырған. Олар өте тез қимылдаған, өйткені олар үйде ненің қай жерде болатынын біледі. Қылмыскерлердің мұндай жылдамдығы қоқыс шығаруға шыққан немесе дүкенге барып келген құрбандарды таң қалдыратын, өйткені олар қайтып келгенде үйлерінің тоналғанын көретін. Қылмыскерлер мүлдем із қалдырмауға машықтанған, олар мұқият әрекет етіп үйренген. Біздің қызметкерлердің жедел әрекеттерінің арқасында қысқа мерзімде күдіктілер анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта олардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Владимир Решетников.

Ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың қала ішінде орын алған кем дегенде 10 пәтер ұрлығына қатысы бар екені белгілі. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.