Көкшеге көктем кеш келеді. Наурыз айы туса да бет шымшитын аяз бар, сырғыма жүріп тұр. Алға басқан қадамыңды долы жел кері итереді. Жетім тоқтының жабағы жүніндей тұтасқан ала бұлттың арғы жағынан күннің көзі күлімдейді. Шапағатын төккісі, мейірімімен мейіріңді қандырғысы келетіндей.

Тағдыр жолы сан тарау. Облыс орталығы мен Краснояр ауылын жалғап жатқан таспа жолдың аттанар жақ жағалауы жаңадан салынып жатқан қалашық. 2016 жылы өз жұмысын бастаған қарттар мен мүгедектерге арналған жеке пансионаттың ғимараты алыстан менмұндалап көрінеді екен. Әлдебір сезім көңілді алаң етіп табалдырығынан аттадық. Суық болар дегенбіз, тіршілік тоңдырған, тағдырдың аязы қарыған. Ала бұлттың әр жағындағыдай күннің көзі көктем шуағын шашар ма? Сөйтсек, мұнтаздай таза, құстың ұясындай жып-жылы екен. Жатын бөлмелерінде де, ат шаптырым асханада да көлденең жатқан бір бұрау жоқ. Қай тараптан да ұқыпты қолдың табы анық байқалады. Пансионаттағы қариялар да тәп-тәуір таза киінген. Көптің арасында отырған жастарды да көзіміз шалып қалды. Мән-жайға кейін қаныққанбыз.
– «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорынан несие алдық, – дейді қарттар мен мүгедектерге арналған «Үміт-Шаңырақ» жеке пансионатының құрылтайшысы Ғалия Рахимберлина, – Қаланың ішінде, орталығында ғимарат тым қымбат болды, 300 мың АҚШ доллардың шамасында. Оған қаражатымыз жетпеген соң осы арадан 725 шаршы метр көлеміндегі ғимаратты сатып алдық. 55 адамды паналатуға мүмкіндігіміз бар.
Негізі бұл – бизнес емес, иманды, сауапты шаруа. Егер пайда іздеген адам болса, көлемі 700 шаршы метрден асатын ғимаратты мейрамханаға айналдырып жібергенде, табысы шаш етектен болар еді. Әйтпесе қонақүй де ашуға болар. Ал жалғызілікті жандардың жайын ойлау – жалпы жұртқа өнеге болатын іс.
– Өмір болған соң небір жайлар болады емес пе? Жаратқан басқа салмасын деңіз. Тұлдыр жетімдермен бірге бала-шағалары бар қариялар да паналап отыр. Олардың перзенттері Ресей, Германия тәрізді шет елдерге көшіп кеткен, ал өздері осында. «Өмірдің басы сайран, соңы ойран» дегендей, пешенелеріне жазылған пенденің тағдыры да. Әрқайсысымен таныса келе, ішкі жан-дүниесіне үңіле келе көкіректеріне қатпар-қатпар мұң тұнғанын айқын аңғарасың. Сол мұңды сейілткің келеді, – дейді Ғалия Беркімбайқызы.
Айтса айтқандай, тең құрбысы селдіреген қарияларға бір сәт өздерімен өздері шүйіркелесіп, әңгімелесудің өзі – көңіл серпілтетін көркем шақ. Олар өмір шежірелерін сабақтай отырып, бос уақыттарында шахмат, дойбы ойнайды екен. Әуел баста пансионатты ұйымдастырушылар қарияларды күндіз ғана жинап, кешке үйлеріне таратып жіберуді көздепті. Бірақ қарға адым жер мұң болып отырған қариялардың әр күн сайын барып-келулері әжептәуір қиындық туғызатын болғандықтан, тәулік бойы осында.
Ас-судан кемдігі жоқ. Ғимараттың астында жуынатын орын жұмыс істеп тұр. Ал біз көрген жастар тағдыр тәлкегіне ұшыраған, мүмкіндігі шектеулі адамдар екен. Төсек тартып жатқан соң ет жақын ағайын-туыс бағып-қағуды ауырсынады. Оларды да түсінуге болады, өз отбасы бар. Пансионатпен екі ортада келісімшарт жасасқан соң әрқайсысына көрсетілетін қызмет түрлеріне орай ақысын төлеп тұрады. Ал мұнда кез келген қызмет түрін көрсетуге толық мүмкіндік бар. Дәрігерлер мен медбикелер жалғызілікті жандар мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың денсаулығын үнемі қадағалап отырады. Пансионатты паналаған жандарда 20 қызметкер қызмет көрсетеді.
– Алғашқы бетте жаны жомарт адамдар қол ұшын созып, көмек көрсетеміз дегенде біртүрлі намыстанып қалушы едім, – дейді Ғалия Беркімбайқызы, – Кейін сабама түстім. Қайырымдылық жақсы қасиет қой. Қазір еріктілер көмек көрсетуде. Олардың арасында жоғары оқу орнының студенттері мен мектеп оқушылары да бар. Біз көмекке мұқтаж емеспіз, әйтсе де жастардың осы жайды өз көздерімен көргендері дұрыс шығар деп ойлаймын. Өйткені мұның барлығы – өмір сабағы.
Қайырымдылық демекші, жаңа сипаттағы пансионатты облыс, қала әкімдігі ұдайы назарда ұстайды екен. Облыс орталығындағы мешіт қызметкерлері де жиі-жиі ат ізін салып тұрады. Биыл қар көп жауды. Пансионатқа ас-су тасымалданып, аракідік қажетіне орай жедел жәрдем шақыртылады. Міне, сондай сәтте еш қиындық туған емес. Коммуналдық қызмет өкілдері иманды шаруа туралы естіп, біліп отыр. Қоңырау шалса болды, өтініштерін тап-тұйнақтай етіп орындап береді. Пансионат құрылтайшысының осы бір сөзінен кейін жан-дүниеміз уылжып кеткенін несіне жасырайық. Қайырымды адамдардың барына қуандық. Олар өмірдің өкпек желіне тоңғандарды елеп-ескереді екен, желеп-жебейді екен. Өмірдің күзі өтіп, қысы келгенде, тағдырдың бұрқасынына тоңған бейкүнә жандарды бауырларына тартып жылытады екен. Мейірімнің молдығына тәубе!..
Көкшетау қаласы
Зілтеміршілердің әлем біріншілігі Ташкентте өтеді
Спорт • Кеше
Таным • Кеше
Әулиеата өңіріндегі ауыр кезең
Тарих • Кеше
Семейліктер көлік қатынасынсыз қалмайды
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Руханият • Кеше
Иран ядролық келісімі қайта қаралуы мүмкін
Әлем • Кеше
QAZCOVID-IN – ең қауіпсіз вакциналардың бірі
Медицина • Кеше
«Қырық қыз» – түркі халықтарына ортақ мұра
Тарих • Кеше
ТЖД жиынтық бөлімшелері тасқынға қарсы күресті қызу жүргізуде
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Алматылық студент жаһандық жарыста топ жарды
Спорт • Кеше
Ұлттық қордағы қаржы айтарлықтай азайған
Экономика • Кеше
Алматыда 99-дағы қария коронавирусты жеңді
Коронавирус • Кеше
«Рухани жаңғыру»: 4 жыл ішінде мәдени бағдарламалар жаңа серпін алды
Қазақстан • Кеше
Қыздар университетінде «Ғылым апталығы» басталды
Ғылым • Кеше
Шымкентте 24 Мобильдік топ рейдке шықты
Аймақтар • Кеше
Тобыл қаласында тұңғыш ұлттық өнер орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Президент Швецияның Сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
Президент • Кеше
Тоқсандықтың қорытындысы бойынша Шымкент алда келеді
Аймақтар • Кеше
Аида Балаева «Спутник V» вакцинасын салдырды
Медицина • Кеше
Қаржы вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Павлодарда ер адам жалған құжатпен шекарадан өтпек болды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда ғарышкерлер күніне орай акция басталды
Қоғам • Кеше
Бас мүфти қазақстандықтарға үндеу жасады
Қоғам • Кеше
Қызылордада 10659 адам індетке қарсы екпе салдырды
Аймақтар • Кеше
Елордада дезинсекциялық жұмыстарға дайындық басталды
Қоғам • Кеше
Алматыда балалар арасында індет жұқтырғандар саны жиілеп кетті
Аймақтар • Кеше
Сырдария өзенінде балық аулап отырғандар ұсталды
Экология • Кеше
Елордалық оқушы NASA-да тағылымдамадан өтті
Білім • Кеше
Солтүстік Қазақстанда құтырмаға қарсы екпе салынып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қапшағайда көп балалы ана кондитерлік кәсібін кеңейтіп келеді
Бағдарламалар • Кеше
Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге атсалысады – Мемлекет басшысы
Технология • Кеше
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқармасына жаңа басшы келді
Тағайындау • Кеше
«Шымкент жастар лигасы» жобасы өтіп жатыр
Спорт • Кеше
Коронавирус бойынша әлемдегі ахуалға шолу
Әлем • Кеше
Алматыдағы Саин көшесі үш шақырымға ұзартылады
Аймақтар • Кеше
Ертісте балықтар қырылып жатыр
Экология • Кеше
Қоғам • Кеше
Нұр-Сұлтанда жаңа нөсер кәріздері салынады
Елорда • Кеше
2,3 млн гектар жайылым жер заңсыз ресімделген
Қоғам • Кеше
Қазақстандық қос гимнаст әлем кубогына қатысады
Спорт • Кеше
Докторанттардың шәкіртақысы 260 мың теңге болады
Білім • Кеше
Батыс Қазақстанда бертінге дейін қанша адамға вакцина салынды
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Кеше
Аймағамбетов: Еліміздің ғылым саласындағы әлеуеті зор
Қазақстан • Кеше
Энергетика министрлігі: 16,6 млн тонна мұнай экспортталды
Экономика • Кеше
СІМ басшысы ЕҚЫҰ Төрайымымен келіссөздер жүргізді
Үкімет • Кеше
Ерболат Досаев теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді
Қаржы • Кеше
Айгүл Соловьеваға жауапты қызмет жүктелді
ANTIKOR • Кеше
Тағы бір әкім жолдарға байланысты сөгіс алуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Екі облыс әкімінің орынбасарлары қатаң сөгіс алды
Аймақтар • Кеше
Юрий Гагариннің өліміне қатысты болжам айтылды
Әлем • Кеше
Ресейде Жамбыл Жабаевқа арналған кітап көрмесі ашылды
Әдебиет • Кеше
Вакцина салдырса ораза бұзыла ма?
Медицина • Кеше
Елімізде бір апта ішінде 3 295 қылмыс жасалды
Қоғам • Кеше
Ұқсас жаңалықтар