Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 наурызда «Fly Arystan» әуе компаниясы («Эйр Астана» компаниялар тобы) Түркістан – Ыстамбұл – Түркістан бағытында алғашқы халықаралық рейс жасайды.

Түркістаннан ұшатын алғашқы халықаралық рейстерге билет сатыла бастады

Түркістан және Ыстамбұл қалалары арасында тұрақты әуе қатынасы аптасына 2 рет (жұма, жексенбі күндері) А-320 әуе кемесімен орындалады. Кейін аптасына 7 рейске дейін (күн сайын) ұлғаяды.

Билет бағасы 39 999 теңгеден басталады. Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.