«Үш автокөлік соқтығысынан жеті адам зардап шекті. Жол-көлік оқиғасы Кенжекөл және Байдалы ауылдарының арасында болды», деп облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Дәрігерлердің мәлімдеуінше, 103 қызметінің үш медициналық бригадасы бірінші жеделділік санаты бойынша оқиға болған жерге төрт минутта жеткен. Соқтығысқан көліктер ішінде болған жеті жолаушы әртүрлі жарақатпен №1 Павлодар қалалық ауруханасына жеткізілді.
«Олар 1980, 1989 және 1990 жылдары туған үш ер адам, 1987 және 1989 жылғы екі әйел адам, олармен бірге 2008 және 2010 жылғы екі бала», деп мәлімдеді жедел жәрдемнің баспасөз қызметінен.