Аймақтар • 05 Наурыз, 2021

Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы тұрғындарының 563 мыңы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізіліп отыр.  

Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбектің айтуынша, әлі де сақтандырылмаған 93 571 тұрғын бар. Бұл өңір тұрғындарының 14,2 процентін құрайды.  

«Атырау облысында медициналық сақтандыру жарнасының жалпы сомасы 30 млрд 372 млн теңгені құрап отыр. Оның ішінде 25 млрд 180 млн теңге  (96,4%) жұмыс берушілердің аударымы арқылы түскен. Ал, 5 млрд 191 млн теңге (3,6%) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін ұлғалардың аударымы», дейді Сәбит Құралбек.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше