«Қылмыстық-атқару туралы заңнамаға сәйкес, 2 тәуліктен аспайтын кездесу белгіленген тәртіппен беріледі. Кездесуден шыққан сотталғандар 14 күнге карантинге орналастырылады. Ал, кездесуге келген туысының коронавирусқа қарсы ПТР-тест анықтамасын алған уақыты 5 күннен аспауы тиіс. Бұл өзге сотталғандардың саулығы үшін қолға алынып отыр» дейді Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Манарбек Ғабдуллин.
Оның айтуынша, бұған дейін карантин кезінде сотталғандар туыстарымен таксафон және бейнебайланыс арқылы байланысып келген. Сондай-ақ, тергеуде отырғандардың қорғаушыларына кедергісіз кіріп-шығуға жағдай жасалып, білім алатын сотталғандарға онлайн-дәрістер жүргізіліпті.