«Қазақстан қоғамында әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар одан кейін кәсіби маман және жауапты лауазым иесі. Сондықтан да айтулы мереке қарсаңында абзал аналар мен аяулы аруларға лайықты сый-құрмет көрсетілуі елдігіміздің белгісі» деген Асқарбек Темірбекұлы әйелдер қауымына мерекелік лебізін білдірді. Сонымен қатар әр салада табысты еңбек еткен ардагер аналар мен бүгінгі қоғамда ерлермен иық тіресе қызмет етіп жүрген қыз-келіншектерді қала әкімінің алғыс хатымен марапатады.
«Қызылорда тазалығы» ЖШС жұмысшысы Бейбіткүл Көпжанова мерекеде аналардың мерейін асырған қала әкіміне алғысын білдіріп, алдағы бастамаларына табыс тіледі.
Мерекеге орай марапатталғандар қатарында білім және әлеуметтік сала мамандары, қалалық су, жылу, жүйелері мен автобус паркінің жұмысшылары, мемлекеттік қызметкерлер бар.