Өнер • 05 Наурыз, 2021

Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды

731 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл күндері Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Жаратылыстану және география институты жыл сайын өтетін дәстүрлі «Құстар күнін» атап өтуде. Наурыз айының 2 күні Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы, Республика құстарын қорғау одағы, Алматы хайуанаттар бағы бірлесе отырып республикалық деңгейде  «Жыл құсы-2021» жобасы аясында мектеп оқушыларының сурет көрмесін ашты.

Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды

«Жыл құсы-2021» жобасына еліміздің көптеген жоғары оқу орындары соның ішінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Торайғыров университеті, Павлодар педагогикалық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, Қыздар Ұлттық педагогикалық университеттері және республикамыздың түкпір түкпірінен 43 мектептен 307 оқушы қатысуда.

Жобада студенттер мен оқушылар құстарға арналған арнайы зерттеулер жүргізіледі, ақпараттық парақшалар мен плакаттар таратылады, балалардың сурет конкурстары және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

«Жыл құсы-2021» жобасының ашылу салтанатына университет ректоры Т.Балықбаев бастаған университет басшылығы, Алматы хайуанаттар бағының өкілдері, университет профессор оқытушылар құрамы және студенттер қатысты.

758

Университет ректоры Т.Балықбаев институттың бастамасымен ұйымдастырған бұл шара болашақ ұрпақтың табиғатты қорғауға деген тәрбиелейтінін, сонымен бірге балалардың құстарға деген қамқорлығы, табиғатқа деген аялы сезімдерін оятатынын айтып, институт басшылығына, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Келесі кезекте сөз алған институт директоры К.Д.Каймулдинова жобаның үш кезеңнен тұратынын айтты. 1-10 наурыз аралығында бірінші кезенде мектептің 1-6 сынып оқушылары арасында «Құстар туралы» атты сурет байқауы, 11-20 аралығында екінші кезеңде наурыз айының 7-11 сынып оқушылары арасында «Ұядағы құс» көрмесі, наурыз айының 21-30 аралығында үшінші кезеңде жоғары оқу орындарының 1-2 курс студенттері арасында онлайн режимде командалық жарыс болатынын тарқатып айтты.

Сонымен бірге бұл шара тек экологиялық тәрбие беріп қоймай мектеп пен жоғары оқу орындары арасында және жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық орнатуды көздейтінін айтты.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше