Оқыс оқиға 5 наурызда сағат 19:30-да Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кенішінде болған.
«ССЕР» компаниясының автотұрағындағы автобустардың бірі өртенді. Өрт бірден жақын маңда тұрған 4 автобусты шарпыды. Жалынды сөндіруге «Теңізшевройл» компаниясының өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Өрт жергілікті уақытпен сағат 21:00-де толық жойылды», деп мәлім етті компанияның өкілі Орақ Бисембиев.