Әлем • 06 Наурыз, 2021

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әнші туралы веб-ойындар жасады

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аргентиналық жанкүйерлер Димаш Құдайберген туралы веб-ойындар шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әнші туралы веб-ойындар жасады

Шағын ойын жасау идеясы La Era Dimash станциясының негізін қалаушы Паола Профетаға тиесілі. Ол радионың графикалық дизайнына жауап беретін Сильван Агирреден көмек сұраған. Кейін бірге отырып, ойындарды безендіруге арналған суреттерді таңдаған. Олардың арасында Бәйтерек және Ақтөбе қаласының көрікті жерлері бар.

Ойындар өте қарапайым қосымшаның көмегімен жасалды және оларды тегін ойнауға болады. Фанаттар La Era Dimash станциясының жобасын қуана қабылдаған. Қазақстандық әншінің әртүрлі жастағы жанкүйерлері ризашылық білдіруде. Өйткені ойындар жеңіл және бос уақытты көңілді өткізуге көмектеседі.

Енді La Era Dimash станциясы өзге де ойын-сауық жобаларды дайындамақ. Мәселен, Димаш және Қазақстанның мәдениеті туралы викторина-қосымшаны құру жоспарлануда.

Еске салайық, Димаш пен оның жанкүйерлеріне арналған La Era Dimash атты тәулік бойы жұмыс істейтін алғашқы радиостанция 2020 жылдың 14 шілдесінде құрылды. Димаштың әндері ғана орындалатын радионы ашу туралы идея оның аргентиналық жанкүйері Паола Профетаға 2019 жылдың тамыз айының соңында келген. Бойжеткенге Латын Америкадағы және бүкіл әлемдегі Dears белсенді қолдау білдірген.