Аймақтар • 06 Наурыз, 2021

8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық әйелдер күні белгілі қазақстандық хоккейші Бұлбұл Қартанбаева балалар арасында қайырымдылық турнирін өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді

Турнирдің мақсаты - Нұр-Сұлтанда балалар мен әйелдер хоккейін насихаттау. Ойыншылар мен командалар тегін қатысады. Жарыстың әрбір қатысушысына естелік кәдесый табысталады, ал алғашқы үш орынға ие болған командалар медальдармен марапатталады.

Турнир жеңімпазына кубоктан бөлек 150 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады.

Турнир Street Hockey 3х3, яғни көше хоккейі форматында өтеді. Ал тіркелген әр команданың құрамында 9-13 жас аралығындағы бес ойыншыға дейін болуы қажет. Көше жарысына 6-8 команда қатысады деп күтіліп отыр.

Ойын 8 наурыз күні сағат 11:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Қажымұқан көшесі, 9/2 мекенжайында өтеді.

Айта кетейік, шара Қазақстан хоккей федерациясы мен Street Hockey қолдауымен өтеді. Іс-шара санитарлық нормалар мен карантиндік талаптарды сақтай отырып өткізіледі.