Аймақтар • 07 Наурыз, 2021

Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 5 наурызда Атырау қаласындағы шағын несие беру кеңсесінен 400 мың теңгені тонаған күдікті ұсталды.

Атырауда шағын несие кеңсесінен 400 мың теңгені тонап кетті

«Күндізгі сағат 10:45 шамасында «102» операторына Вокзал маңы шағын ауданында орналасқан шағын несие кеңсесінің кассирі телефон соққан. Кассир медициналық бетперде киген белгісіз азаматтың сағат 10:30 шамасында пышақпен қорқытып, кассадағы 400 000 теңгені алып кеткенін хабарлады. Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын жүргізіп, қылмыстың ізін суытпай, 25 жастағы күдіктіні ұстады. Күдікті  уақытша ұстау изоляторына қамалды», деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір күдіктіге қатысты  ҚР Қылмыстық Кодекстің 192-бабы, 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.