Аймақтар • 07 Наурыз, 2021

Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап мониторингтік топтармен 251 рейдтік тексерулер жүргізіліп, 6 675 объекті мониторингпен қамтылды.

Шымкентте тәртіп бұзған қоғамдық тамақтану орындары анықталды

Оның ішінде: 4 075 қоғамдық тамақтану орындары, 2 097 коммуналдық объектілер, 294 өнеркәсіп объектілері және 209 балалар мен жасөспірімдерге арналған объектілер болды.

Қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс істеу режимінің сақталмауы, топтық іс-шаралардың өткізілуі, бетперде кию режимінің сақталмауы, рұқсат етілген келушілер санының сақталмауы жиі кездесуде.

Мониторингтік топ анықтаған бұзушылықтар бойынша 886 жауапты тұлғаға хаттама толтырылып, 52,6 млн теңгеден астам соммаға айыппұл салынды.

Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері және Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында көрсетілген талаптардың орындалуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.