Наразылық танытушылар қазір елде вирус өршіп тұрғанда Олимпиада өткізу ақылға қонбайды деп отыр. Себебі ауқымды шара індеттің жаңа толқынын туғызады дейді. Бұқаралық ақпарат құралдарының жүргізген соңғы сауалнамасына қарағанда жапондықтардың 60 проценті спорттық ойындарды өткізуге қарсылық білдірген.
«Жапонияда індеттің таралуы бәсеңдемей тұр. Оның үстіне елде ПТР тест тиісті деңгейде көп өткізіліп жатқан жоқ. Сондықтан биліктің қазіргі жағдайда жазғы Олимпиада ойындарын өткіземіз деуі ақылға қонбайды», дейді шеруге қатысушы Йоко Катаока.