Аймақтар • 07 Наурыз, 2021

Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға қарақшылық шабуыл жасалған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстауда стоматологиялық клиникаға шабуыл жасады

2021 жылғы 6 наурызда сағат 16.00 шамасында “102” пультіне белгісіз ер адамның стоматологиялық клиникаға қарақшылық шабуыл жасағандығы туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам клиниканың кассирін пышақпен қорқытып, 200 мың теңге көлеміндегі ақша қаражатын тартып алып, белгісіз бағытта бой тасалаған.

Бұл факт бойынша өткізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары “ізін суытпай” осы қылмысты жасауға қатысы бар 30 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ер адам өз қылмысын мойындады. Заттай айғақтар алынды.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192-бабының 4-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Ақтау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.