«Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, бетперде кию режимін, қатаң түрде әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуын объект сыйымдылығының 30%-нан асырмай, 1 келушіге 4 шаршы метрден кем емес, ашық және жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың штаттық режимде жұмыс істеуіне рұқсат етілсін» делінген қаулыда.
Сондай-ақ, жаңа қаулыға сәйкес, дәл осындай талаппен сауда үйлері мен орталықтарының (павильондар, бутиктер), сауда желілерінің жұмыс істеуіне рұқсат беріліп отыр.
Қаулы 9 наурызда сағат 00:00-де заңды күшіне енеді.