Аймақтар • 09 Наурыз, 2021

Нұр-Сұлтанда 8 наурыз күні 59 бала дүниеге келді

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні 23 қыз бен 36 ұл бала дүниеге келді. Сәбилер мен олардың аналарының жағдайы ойдағыдай, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда 8 наурыз күні 59 бала дүниеге келді

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жаңа туған нәрестелер жайлы мәліметтерді қаладағы көпбейінді ауруханалардың акушерлік блоктары ұсынған.

Айта кету керек, 8 наурыз күні жаңа туған нәрестелерді құттықтау биыл алғаш рет өтті. Қала басшылығы барлық балалар мен олардың аналарын құттықтап, елорда әкімінің атынан құттықтау хаттар мен жаңа туған нәрестелерге арналған арбаларды сыйға тартты.