Заң • Бүгін, 12:08

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасына қатысты заң мақұлданды

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өніміне арналған қоймалық куәліктерді шығару (беру), олардың айналысы және өтелу қағидалары туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасына қатысты заң мақұлданды

фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәскеуде 2023 жылғы 31 шілдеде қол қойылған келісім Еуразиялық экономикалық одақ аясында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзара саудасын дамытуға бағытталған.

«Құжат қойма куәліктерін беру, айналымға шығару және ЕАЭО шеңберінде оларды өтелуін реттейді, оларға қойылатын талаптарды айқындайды. Келісімге бойынша қойма куәліктері шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлері мүше елдердің ұлттық заңнамасына сәйкес анықталады. Одан бөлек, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер қатысушы елдің қойма куәліктері туралы мәліметтерді бірыңғай интернет-ресурс арқылы алуға мүмкіндік беретін жүйені қамтамасыз етуге міндеттенеді», деді сенатор Зәкіржан Кузиев.

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері арасында Келісімді жүзеге асыру:

  • қойма куәліктерінің тұрақты айналымын қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың иелеріне қаржылық ресурстарға қол жеткізуін арттыруға;
  • ауыл шаруашылығы тауарларының электронды саудасын дамытуға;
  • Қазақстанның қойма куәліктерін Еуразиялық экономикалық одақ нарығында ілгерілетуге, қойма куәліктері кепілімен несие алу мүмкіндігін жасауға және нарықтың қолайлы жағдайында тауарды сату арқылы елдің аграрлық секторының табысын арттыруға ықпал етеді.

«Қазақстандағы астық қолхаттары айналымын заңнамалық реттеу тәжірибесі - Келісімнің негізі екенін атап өткен жөн. Жалпы, келісімді жүзеге асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді, сондай-ақ, жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды», деп түйіндеді сөзін депутат.