Өңірде мемлекеттік шекараның төрт автокөлік өткізу пункттерінде азаматтардың ел аумағына келуіне мониторинг тәулік бойы жүргізіліп келеді.
⠀
Соңғы тәулікте шекарадан 234 адам өткен, оның ішінде 81 - жаяу жүргінші және 153 жүк көлігінің жүргізушісі. Анықтамасыз келген 3 қазақстандық карантиндік стационарға орналастырылған. Автокөлік өткізу пункттерінде өткен тәулік ішінде covid-19 расталған жағдайлары тіркелген жоқ.
⠀
Сонымен қатар, ТМД-ның бес азаматында: теріс нәтижелі ПТР анықтамалары болмауына байланысты үш Ресей азаматына және Қырғызстан Республикасының екі азаматына ҚР аумағына кіруіне тыйым салынды.
⠀
Шектеулер шаралары енгізілген сәттен бастап облысқа 71 715 адам келді, оның ішінде 45 922 халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын жүргізушілер және 25 793 жолаушы келген. 21 053 ПТР-тексеру жүргізілді, симптомсыз коронавирустық инфекцияның 142 енгізілген жағдайы анықталған.
Бір тәулік ішінде Павлодар облысында ТМД елдерінің бес азаматына Қазақстан аумағына кіруіне тыйым салынды, деп хабарлайды Egemen.kz
+7: Қазақстан мен Ресей телефон кодын бірлесіп қолдануға келісті
Қазақстан • Бүгін, 12:46
Қызылорда облысында белгісіз жыртқыш малды жайратып жүр
Аймақтар • Бүгін, 12:42
Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Оқиға • Бүгін, 12:20
Омбыда ҚазҰУ-дің филиалы ашылды
Білім • Бүгін, 12:19
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасына қатысты заң мақұлданды
Заң • Бүгін, 12:08
Алматы облысындағы тұрғын үйде жарылыс болды
Оқиға • Бүгін, 11:55