Аймақтар • 09 Наурыз, 2021

Атырауда мұғалімдерді коронавирусқа қарсы вакциналау басталды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында білім беру саласының қызметкерлеріне коронавирусқа қарсы вакцина салу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда мұғалімдерді коронавирусқа қарсы вакциналау басталды

«Спутник V» вакцинасын алғашқылардың қатарында алғандардың арасында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова, Атырау қаласындағы №16 Қаражігітов атындағы орта мектептің директоры Алмабек Абдолов, № 20 Пушкин атындағы орта мектеп-лицейінің директоры Гүлнар Қожахметова, Атырау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Қуанышев пен IT мектеп-лицейі директорының орынбасары Айгүл Сейітова бар.

«Кез келген індеттен қорғанудың, алдын алудың жолы – вакцина салдыру. Бұған дейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен емханалардың дәрігерлері коронавирус инфекциясына қарсы екпенің пайдасы мен әсері туралы ақпараттар берді. Мұндай вакцина қауіпті вирустан қорғайды. Екпе алған соң қорқынышсыз жүруге болады. Өзімнің саулығым, жақындарымның амандығы үшін вакцина алдым», дейді облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова.

Қазір өңірдің білім беру саласында 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Солардың қатарындағы №16 Қаражігітов атындағы орта мектептің директоры Алмабек Абдолов вакцина салдырудан қорқытудың қажеті жоқ деп есептейді.

«Мұғалімдер елдің келешектегі өркендеуіне үлес қосатын жас буын өкілдерімен тығыз байланыс жасайды. Сол себептен, «Спутник V» вакцинасын ерікті түрде салдыруға бекіндім. Өйткені, біріншіден, өзімнің де, жақындарымның да саулығын ойладым. Екіншіден, мектеп оқушыларын қауіпті вирустан қорғауымыз керек. Ал, вакцина салдырғаннан кейін жанама әсерін байқамадым», дейді Алмабек Абдолов.