Әлем • 09 Наурыз, 2021

Отандастардың қатысуымен «Жамбыл оқулары» өтті

396 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл қазақ поэзиясындағы алар орны ерекше ақын, жыршы, жырау, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толды. «Отандастар қоры» КеАҚ мен «Жас қазақ» халықаралық жастар ұйымы ақынның мерейтойына орай «Жамбыл оқуларын» өткізді.

Отандастардың қатысуымен «Жамбыл оқулары» өтті

«Жас қазақ» жастар ұйымының негізгі аудиториясы – шетелде тұратын қазақ жастары, оқушылар мен студенттер. Біздің мақсатымыз – отандастарымыздың тарихи Отанымен байланысын нығайту. Осы мақсатта бірқатар жобалар мен іс-шараларды атқарып келеміз. Мәселен, 2021 жылы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай поэзия кеші, Шәкен Аймановтың 107 жылдығына орай кино кеші, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жамбыл оқулары» көркемсөз байқаулары өтті. Жақында өткен «Жамбыл оқулары» байқауына Қазақстан, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай және Ресейден 50 отандасымыз қатысып, байқаудың көркін қыздырды. Қатысушылардың ата-аналары, ұстаздары тарапынан алғыс пен ұсыныстар алдық. Алдағы уақытта Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы, Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығы, Исатай Тайманұлының 230 жылдық мерейтойларына орай түрлі бағытта іс-шараларды ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз», деді «Жас қазақ» жастар ұйымының төрағасы Алжан Шарипов.

 

«Жамбыл оқулары» жеңімпаздары

Студенттер арасында
1-орын: Айнұр Ибрашева (Қазақстан)
2-орын: Дәукен Әлмира (Қытай)
2-орын: Тулепова Индира (Өзбекстан)
3-орын: Жұмабекова Бекзат (Өзбекстан)
3-орын: Тұрдыбай Ұлықбүбі (Қытай)
3-орын: Абдуалиева Толғанай (Өзбекстан)

Оқушылар арасында
1-орын: Абдраимов Мерейхан (Өзбекстан)
2-орын: Нұрлыбаев Арсен (Өзбекстан)
2-орын: Амангелдиева Айдын (Өзбекстан)
3-орын: Жалғасбаев Нұрислам (Өзбекстан)
3-орын: Қалмұратова Нышангүл (Өзбекстан)
3-орын: Жакеева Сабина (Өзбекстан)