Аймақтар • 10 Наурыз, 2021

Атырауда екі әйел жүргізуші куәлігінен айырылды

1857 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда 7-8 наурызда мас күйде көлік жүргізген екі әйел 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Атырауда екі әйел жүргізуші куәлігінен айырылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 7-8 наурызда патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған 2 әйел ұсталыпты.

«Мәселен, 7 наурызда түнгі сағат 02:30 шамасында Ә.Молдағұлова көшесінің бойында «Toyota Ipsum» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде аталған автокөліктің 40 жастағы жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған. Ал, 8 наурызда таңғы сағат 05:30 шамасында Вокзал маңы-5 шағын ауданынан тоқтатылған «Toyota Camry» автокөлігінің жүргізушісі – 39 жастағы әйелден алкогольдік ішімдіктің иісі шыққан», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Медициналық сараптаманың корытындысымен екі жүргізушінің де жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталды. Мас күйде көлік басқарған жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.