Білім • 11 Наурыз, 2021

А.Аймағамбетов музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдай ма?

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдамайды. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметі хабарлама таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

А.Аймағамбетов музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдай ма?

«Білім және ғылым министрлігі музыка мектептерінің жекеменшікке өтуін қолдамайды. Ол ұйымдарда балалар қосымша білім алып жатыр. Сондықтан шығармашылық бағытындағы үйірмеге балаларын қатыстырып жатқан ата-аналар мен сонда жұмыс істейтін педагогтердің бұл мәселе төңірегіндегі алаңдаушылығын түсінуге болады. Керісінше, жұмыс істеп тұрған мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарын дамыту қажет», делінген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ хабарламада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидасы бойынша қосымша жаңа объектілерді салу және іске қосу мақсатында бизнес өкілдерін тарту қажеттігі айтылған. 

«Биыл «Білім туралы» заңға түзетулер енгізілген болатын, соның негізінде әкімдіктер балалардың жекеменшік қосымша білім беру орталықтарында үйірмелер мен секцияларға қатыса алуы үшін мемлекеттік тапсырыс арқылы жағдай жасай алады», делінген хабарламада.