Қазақстан • 11 Наурыз, 2021

Педагогтердің жалақысы тағы көбейеді

2378 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Педагогтердің жалақысы тағы көбейеді

«Педагог мәртебесі туралы» Заңның аясында педагогтердің еңбек жағдайы жақсартылуда. Педагогтерге тән емес функцияларды және көзделмеген есептерге тартудан босату шаралары қабылданды. Педагогтер бүгінде тек 2 құжат толтыруы керек: электрондық журнал және оқу жоспары. Сонымен қатар барлық облыста педагогтердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестер ашамыз. 2024 жылға қарай педагогтердің жалақысы 2 есеге артады», деді А. Аймағамбетов.