Қоғам • 11 Наурыз, 2021

Fitch Ratings агенттігі Отбасы Банкінің тұрақтылық рейтингісін елдік деңгейге дейін көтерді

163 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Fitch Ratings агенттігі «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (Отбасы банк) ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді эмитент дефолтының рейтингін «ВВВ-»   деңгейінен  «ВВВ» деңгейіне дейін көтерді. Ендігі рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».

Fitch Ratings агенттігі Отбасы Банкінің тұрақтылық рейтингісін елдік деңгейге дейін көтерді

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, «Отбасы банк» АҚ Қазақстанның ЕДБ арасында жеке тұлғалардың ұзақ мерзімді салымдарының көлемі бойынша 34 % үлесімен және ипотекалық кредит беру көлемі бойынша 50% үлесімен бірінші орында. Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысушылардың саны 1 миллион 862 мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 20 %-ын құрады. Банктің активтері 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,7 триллион теңгені құрайды.

Осы шешімге ықпал еткен негізгі факторлардың ішінде Fitch жеке тұлғалардың мемлекет субсидиялайтын жинақ шоттарының тұрақты ағыны және мемлекетпен байланысты қорландыру ықпал еткен банктің тұрақты өсуінің ұзақ тарихын (2010-2020 жылдары жылына орта есеппен 35%) атап көрсетеді. Нәтижесінде, бүгінде банктің даму институты ретіндегі қызметі елдің экономикалық белсенді халқының 20 %-ын қамтиды (2010 жылдың аяғында 2 %-ға қатысты ұлғаю) және  бұл іс жүзінде банктің даму институты ретіндегі функцияларын басқа агентке беруді қиындатады. Мемлекеттік саясатта көзделген міндеттерді орындау үшін қорландыруды төмен пайыздық мөлшерлемемен елеулі пайдалану банкті жекешелендіруді екіталай етеді (қазіргі уақытта мемлекет жекешелендіруді қарастырмайды).

Fitch есебінде атап өтілгендей, «Отбасы банкке активтердің тұрақты сапасына (құнсызданған кредиттердің көрсеткіші 2020 жылдың соңына 0,7% ) және капиталдың мықты  қорына байланысты орта мерзімді перспективада капиталдың төтенше қолдауы қажет болуы екіталай, мұны Fitch әдіснамасы бойынша негізгі капиталдың көрсеткіші 2020 жылдың соңына 37% болуы дәлелдейді. Банктің қорландыру құны төмен және ұзақ мерзімді болып табылады. Өтімділіктің қалыпты қоры ( 2020 жылдың соңындағы барлық активтердің 22%) банктің таяудағы үш жылда ипотекалық кредиттер беруге қатысты шартты міндеттемелерді сақтауы үшін жеткілікті болып табылады.»

«Fitch Rating агенттігінің деректері елдік рейтингі бар Қазақстандағы екінші деңгейдегі жалғыз банк болған «Отбасы Банкінің» тұрақтылығын көрнекі түрде растайды. Өз қызметі кезеңінде «Отбасы банк»  екі «Moodys» (2007 жылдан бастап) және «Fitch» (2014 жылдан бастап) агенттіктерінің рейтингтерін алды. Банктің ең басты жетістігі экономикалық белсенді халықтың 20%-ын депозиттермен қамту және кредиттерді белсенді беру болып табылады. Банк активтерінің 80%-ы несие портфелінде орналасқан» - дейді осы жаңалыққа орай «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.