Қазақстан • 12 Наурыз, 2021

Медициналық алғашқы көмекке басымдық беріледі

424 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерімен кездесті. Жүздесу барысында ДДҰ-ның Қазақстандағы медициналық-санитарлық алғашқы көмектің (МСАК) рөлін күшейту жөніндегі бағ­дар­ламасын іске асыру қырлары, ДДҰ-ның 74-сессиясында МСАК бойынша жоғары деңгейдегі іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру, сондай-ақ ведомство мен ұйымның МСАК жөніндегі географиялық қашық орналасқан офисі (ГҚО) арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Медициналық алғашқы көмекке басымдық беріледі

Кездесуге Денсаулық сақтау вице-министрлері, ДДҰ МСАК жөніндегі ГҚО басшысы (Алматы қа­ласы) Мелита Якаб, ДДҰ Қа­зақ­стандағы өкілі (Нұр-Сұлтан қала­сы) Каролин Кларинваль, ДДҰ МСАК жөніндегі ГҚО техникалық мәселелер жөніндегі ма­маны Арнольдас Юргутис, ме­ди­циналық бағдарламалар жө­ніндегі техникалық үйлес­ті­ру­ші Виталий Стецик қатысты.

Былтыр желтоқсанда ДДҰ ба­с­шы­лығының қатысуымен МСАК жөніндегі Астана дек­­ла­рациясын ілгерілету бойынша медициналық-санитарлық алғашқы көмектің операциялық те­тігі ресми түрде іске қосылды. Сол кезде тараптар елдердегі ден­­сау­лық сақтау жүйесін к­ү­шейту мүмкіндіктерін тал­қы­ла­ды.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және Қазақстанның медициналық-са­нитарлық алғашқы көмекті жа­һандық деңгейде нығайту мәсе­лесіндегі үшжақты ынты­мақ­тастығы осыдан 40 жыл бұ­рын Қазақ КСР астанасында басталған, онда Алматы декларациясы қабылданды. Ол пациентке бағдарланған, фи­зи­калық жағынан да, қар­жы­лық жағынан да сапалы және қолжетімді меди­ци­налық-сани­тар­лық алғашқы кө­мек стандартын белгіледі», деді А.Цой.

2018 жылы қабылданған Ме­ди­циналық-санитарлық ал­ғаш­қы көмек жөніндегі Астана декларациясы Алматы декларациясының құндылықтарына бейімделген. Елдер мен үкіметтер оның қағи­да­ларымен келісіп, әр адамның денсаулығын сақтау бойынша мін­деттемелер қабылдады.

Медициналық-санитарлық ал­­­ғашқы көмектің операциялық те­­тігі ДДҰ қолдауымен әзірленді және 2020 жылғы қарашада Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ассам­­блеясының 73-сессиясында әлемнің 194 мемлекеті ма­құлдады. Бұл құжат МСАК жөніндегі Астана декларациясын іске асыру жоспары және МСАК-ті нығайтуға бағытталған стра­те­­гия­лық және операциялық бір­не­ше үлгі ұсынады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен МСАК ұйымдастыру тәсілдерін түбегейлі қайта қарау бойынша жұмыс жүргізілуде. Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан халқының қажеттіліктеріне және шетелдік практиканың озық жетістіктеріне жауап бере­тін МСАК-ті дамытудың ұзақ мер­зі­мд­і стратегиясын қалып­тас­ты­­ру бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, амбулаториялық-ем­ханалық көмектің қолжетім­ді­лігін жақсарту бойынша 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешенінің жобасы дайындалуда. Оның аясында бүкіл халық профилактикалық тексерумен қамтылады, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын ескере отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың перспективалық жоспарларына сәйкес кемінде 300 жаңа МСАК нысаны ашылады. Осы шараларды іске асыру үшін МСАК-қа бөлінетін қаржыны 60%-ға дейін арттыру көзделген.