Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, білім саласының қызметкерлері арасында екпеге қатысты түсіндіру жүргізіліп жатыр. Соның бірі Атырау энергетика және құрылыс колледжінде өтті. Онда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Ләззат Жайлауова, денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова, №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Нұрбақыт Құпжанов, облыстық білім басқармасының бас маманы Гаухар Такузова вакцина алудың маңызын әңгімеледі. Мұғалімдер тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
«Атырау облысында 9 наурыздан бастап мұғалімдерге коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация салу басталды. Соңғы 3 күнде 605 атыраулық вакцина алды. Оның ішінде 408 педагог, 183 медицина қызметкері, 14 мемлекеттік қызметші бар», деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.