Аймақтар • 12 Наурыз, 2021

Атыраудың «Сағыз» командасы Сочиде өнер көрсетеді

2274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының «Сағыз» командасы КВН халықаралық одағының президенті Александр Масляковтан шақырту алып, Сочи қаласына аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атыраудың «Сағыз» командасы Сочиде өнер көрсетеді

Аталған команданың бес мүшесі Сочиде 11-22 наурызда «КиВиН-2021» көңілді тапқырлар клубы командаларының 32-ші халықаралық фестивалінде өнер көрсетеді. Командаға  облыс әкімдігі мен жергілікті кәсіпкер демеушілік көмек көрсетті.

«Бізде аздаған қобалжу бар. Өйткені, алғаш рет орыс тілінде өнер көрсетеміз. Дегенмен, біздің команда 12 жылдан бері өнер көрсетіп, біраз тәжірибе жинады. Ресейлік көңілді тапқырлар клубында өнер көрсету әр команда мүшелерінің арманы ғой. Бұл – біздің бесінші талпынысымыз. Бұған дейін қаржының жоқтығынан Ресейге бара алмап едік», дейді «Сағыз» командасының капитаны Ернар Сакупов.

Оның айтуынша, команда мүшелерінің дені Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылының жастарынан құралыпты. Олар әзіл-сықақ шоу-бағдарламаларының бірнеше дүркін жеңімпазы атанды. Сондай-ақ «Көңілді тапқырлар алаңы» жастар жобасының чемпионы болған еді. Команда мүшелері енді Краснодар өңірлік лигасына, сонан соң Ресейдің бірінші лигасына кіруді жоспарлап отыр.