Алматы облысындағы Алакөл аудандық орталық ауруханасына 1995 жылы туған жергілікті тұрғын келіп, аттан құлағанын айтып шағымданады. Азаматтың мойын және бел омыртқаларының қимылы шектелген екен.
Тексеруден кейін тұрғын шұғыл түрде анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне емдеуге жатқызылғанымен, дәрігерлер науқасқа құрамында нейрохирург және реаниматолог дәрігері бар медициналық авиацияның мобильдік бригадасымен медициналық авиация бортын шақыру қажет деп табады.
2021 жылғы 10 наурызда медициналық авиацияның мобильдік бригадасы аудандық ауруханаға келді, онда пациентті нейрохирург және реаниматолог бірлесіп зерттеп-қарады. Мамандандырылған нейрохирургиялық көмек көрсету үшін пациентті медициналық авиация күшімен Талдықорған қаласындағы облыстық ауруханаға тасымалдау туралы шешім қабылданады. Сол күні пациент тұрақты күйде облыстық ауруханаға жеткізіледі. Қазір науқастың жағдайы тұрақты.
Айта кетейік, науқасты әуе жолы арқылы еліміздің кез келген жеріне тасымалдау мүмкіндігінің арқасында күрделі операцияны уақтылы жүргізуге, ауыр жарақаттар кезінде жедел көмек көрсетуге, жоғары технологиялық медициналық көмекті қолжетімді етуге және құтқарылған адамдардың санын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.