Кездесуде халал стандарттау саласы бойынша екіжақты ынтымақтастықты арттыру мәселесі талқыланды. Тараптар халал өнімдерді стандарттау бойынша тәжірибе алмасуға, осы бағытта кадр даярлауға уағдаласты.
Айта кетсек, өнімдерді халал стандарттау және сертификаттаумен айналысатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал Даму» орталығы Малайзияның Исламды дамыту департаменті (JAKIM) ұйымынан аккредиттеуден өткен болатын. Нәтижесінде, құрамына әлемнің 43 алпауыт мемлекеті кіретін халал сертификаттаумен айналысатын 75 мекеменің тізіміне енді.