Аймақтар • 14 Наурыз, 2021

Алматыда коронавирустық індет өршіп барады

655 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бүгін қалалық Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің мәліметінше, соңғы тәулікте Алматыда коронавирустық инфекцияның 360 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда коронавирустық індет өршіп барады

 

КВИ-ге қатысты эпидемиялық ахуал Алматыда биылғы жылдың 2 наурызынан бастап бағалау матрицасының «сары» аймағына, ал 10 наурыздан бастап «қызыл» аймағына өтіп, күрделене түсті. Эпидемия басталғаннан бері коронавирустық инфекцияның 27 361 жағдайы (100 мың тұрғынға шаққанда 1 344,7), сондай-ақ 1666 коронавирустық пневмония тіркелді.

КВИ ауруының өсуі 3 наурызда басталды, сол кезде тәулігіне 121 ауру тіркеліп, 13 наурызда күніне 360 жағдайға жетті. Сонымен қатар ПТР анализдерінің саны өткен аймен салыстырғанда тәулігіне 5100-ден тәулігіне 6058 дейін өсті. Оның ішінде ақылы негізде жеке зертханаларда 2400-ден 3482-ге дейін адам өздері келіп, тест тапсырды.

13 наурызда анықталған 360 коронавирустық инфекцияның 359-ы жергілікті, 1-і Ыстамбұлдан әкелінген. 269-ы симптоматикалық, ал 91-і симптомсыз. Бүгінгі күні жұқпалы аурулар ауруханаларында 1287 адам (57 бала) жатыр, оның 14-і өте ауыр, 131-і ауыр, 1142-і орташа ауырлық дәрежесінде. ӨЖЖ-де 7 науқас жатыр, инвазивті емес ӨЖЖ-де жатқандары – 19 науқас.

Соңғы 7 күнде ауру деңгейі 61,2 құрады, репродуктивті саны R – 1,3. Өткен тәулікте КВИ-мен 360 жағдай тіркелді.

Наурызда КВИ эпидемиясының даму динамикасында ақпан айында тұрақтанғаннан кейін аурудың өсу тенденциясы байқалады. Мәселен, ақпанның бірінші аптасында 770 оқиға, екінші – 740, үшінші – 721, төртінші – 714 жағдай тіркелді. Наурыздың бірінші аптасында 923 жағдай тіркелді, 8-13 наурыз аралығында – 1365 жағдай.

Эпидемиялық зерттеулер инфекцияның нақтылы және ықтимал ошақтарын анықтады. Демек, ауру отбасы мүшелерінен – 36%, еңбек ұжымдарынан – 6%, жайсыз елдерге барған шетелдік сапарлардан – 2%.

Ықтимал жұқтыру орындары қоғамдық орындар болып табылады (коммуналдық мекемелер, халыққа қызмет көрсету орталықтары, сауда объектілері, емханалар мен медициналық орталықтар) – 42,8%; қоғамдық көліктер – 17%; отбасылық шаралар – 3%.

Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, наурыз айында КВИ өсуінің себебі – қала тұрғындарының арасында әлеуметтік байланыстың артуы, қала маңындағы тұрғындардың қоғамдық орындарға барумен байланысты көші-қоны (42,8%). Сонымен қатар қоғамдық көліктерде және қоғамдық орындарда жұқтырған адамдардан жұқпаның отбасы мүшелеріне тізбекті түрде берілуі жағдайдың нашарлауына әсер етті (36% отбасыларда жұқтырылды).

Мектептерде 1-5 сыныптардан бастап оқудың басталуына байланысты 14 жасқа дейінгі балалар ауруының 22,4%-ға өсуі тіркелді – соңғы 7 күнде 138-ден 169 жағдайға дейін.

Сонымен қатар, КВИ өсуіне симптомсыз науқастардың өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын жауапсыз мінез-құлқы ықпал етеді. КВИ жұқтырғандарды мекенжайларына барып тексерген кезде мыналар анықталды, 76 науқас және олармен байланыста болғандар карантин режимін бұзған және үйлерінде болмаған, ал байланыста болған 7 адам жұмыста болған.

Осыған байланысты Алматы қаласы санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің мамандары мегаполис тұрғындарын байланыстарды шектеуге және санитарлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Бұл маска кию, қолды антисептикпен емдеу, қоғамдық орындарға барғанда әлеуметтік арақашықтықты сақтау.

«Осы ұсыныстар сақталмаған және мереке күндері байланыстар көбейген жағдайда, КВИ жағдайының күрт шиеленісуі және аурулардың санының өсуі мүмкін. Нәтижесінде жұқпалы аурулар ауруханаларына жүктеме артып, кәсіпорындар мен ұйымдарда карантиндік шаралар күшейтіледі. Жағдайдың нашарлауына жол бермеу біздің ортақ мүддеміз. Барлығына жауапкершілік әрі сақтық таныту, туыстары мен достарына санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін ескерту қажет. Бұл біздің бір-бірімізді қорғаудың, денсаулығымызды сақтаудың жалғыз жолы», деді Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары А. Қалықова.

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024