Елорда • 14 Наурыз, 2021

Елорда карантиндік талапты бұзған нысандар жауапқа тартылды

1505 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтау және оларға жол бермеу жөніндегі мониторингтік топтар елордада күшейтілген режимде жұмыс істеуін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz»

Елорда карантиндік талапты бұзған нысандар жауапқа тартылды

14 наурызда түнгі сағат 02:00-де белгіленген жұмыс режимін бұзған елордалық барлардың бірінде бір уақытта 300-ге жуық адам сауық құрған. Елорданың сол жағалауында орналасқан «Bla Bla Bar» карантиндік шектеулерге қарамастан, түн ортасынан кейін де жұмыс істеді. Оқиға орнына келген мониторинг тобы мекемеде 300-ге жуық адамның болғанын анықтады. Келушілер әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтамады. Материал ҚР ӘҚБтК 425-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қабылдау үшін «Есіл ауданының санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасы» РММ-ге жіберілді.

Сондай-ақ, Есіл ауданында жұмыс режимін бұзған «Zima» барының басшылығы да жауапқа тартылды.

Алматы ауданында өткен тәулікте мониторингтік топ карантиндік шектеулерді бұзған 3 мекемені – «Достар» компьютерлік клубын, «Мэнсон» және «Жаным сол» караоке-клубтарын анықтады.

Сарыарқа ауданында «Тамшы» саунасы елорданың бас санитарлық дәрігерінің шектеу шаралары туралы қаулысын бұза отырып, 00:00-ден кейін жұмысын жалғастырды. Карантинді сақтамағаны үшін «Қазығұрт» кафесі де, Байқоңыр ауданындағы «Mezzo караоке» залы да жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан эпидемиялық жағдай бойынша «қызыл аймаққа» енді. Карантиндік шектеулердің бұзылғанын анықтау және болдырмау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше